"Индустрия 4.0 - Жүйелер инжиниринг" неміс тіліндегі бірлескен білім беру бағдарламасының дәрісі


04.05.2023 Барлық жаңалықтар


2023 жылдың сәуір-мамыр айларында Анхальт қолданбалы ғылымдар университетінің (Hoch Schule Anhalt - HSA, Германия) профессорлары Насипкул Дүйсембекова және Фрау Антье Фехнер  университетке «Индустрия 4.0  -  Жүйелер инжиниринг» неміс тіліндегі бірлескен білім беру бағдарламасының студенттеріне дәріс беру үшін келді.
Бiрлескен бiлiм беру бағдарламасы 2021 жылы Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң бiлiм беру бағдарламаларының тiзiлiмiне енгiзiлген. Қазіргі уақытта АЭжБУ-ге осы бағдарлама бойынша 100-ден астам бірінші және екінші курс студенттері оқиды. Оқуда және неміс тілін үйренуде табысқа жеткен осы бағыттың 7 студенті Германияда HSA-да 2-3 апталық тағылымдамадан  өтті.   Ағымдағы жылғы 6-20   мамыр аралығында әріптес университетте біліктілікті арттыру курстарына  неміс тілі пәнінің мұғалімі С.А. Мұратбекованың кетуі жоспарланған.
Біз осы бірлескен білім беру бағдарламасының студенттеріне неміс тілін тиісті деңгейде меңгеруде табыс тілейміз.