Жеті жұрттың тілін біл. Ағылшын тілі бойынша өткен Республикалық студенттер конкурсы туралы

Жеті жұрттың тілін біл.  Ағылшын тілі бойынша өткен Республикалық студенттер конкурсы  туралы

04.05.2023 Барлық жаңалықтар


26.04.2023ж. Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика
және байланыс университетінде мақсаты техникалық жоғары оқу
орындары студенттерінің шығармашылық әлеуетін ашу, оларды ағылшын
тілін жетік меңгеруге ынталандыру болып табылатын «English Skills
Contest» атты республикалық студенттер конкурсы өтті. Байқауды
университеттің Тіл білімдері кафедрасы ұйымдастырды.
Байқау барысында командалар түрлі шығармашылық
тапсырмаларды орындап, өздерінің тіл меңгеруінің жоғары деңгейін
көрсете алды. Алғашқы тапсырма командалардың өздерін таныстыруы
болса, екінші тапсырма елтану мен ғылыми-техникалық жетістіктерді
білуге негізделген. Сонымен қатар, танымал фильмдерден алынған
қанатты сөздердің мағынасын ашу кезеңінде қатысушылар ағылшын
тілінің ерекшелігін жақсы білетіндерін таныта білді.
Байқаудың ең тартысты кезеңінің бірі өзі оқитын ЖОО-ны
таныстыру барысында кәсіби ағылшын тілін меңгерулерін көрсететін
бейнеролик болды. Осы кезеңде қатысушылар әр мамандықтың қыр сырын
аша білді. Студенттік өмірдің қызығы мен қиындығына негізделген "Іt 's
great to be a student" шығармашылық қойылымы кезеңінде қатысушылар
ашыла түсіп, шығармашылық қасиеттерін көрсете білді. Жарыс кезеңдері
арасындағы үзілістерде өнерлі студенттер ағылшын тілінде әндер орындап,
жұрт алдына шығып өнер көрсету, сөйлеу дағдыларын дамыта білді.
Байқау нәтижесінде мамандығының әрі ағылшын тілінің тілдік
ерекшелігін жақсы менгеріп, байқауға ерекше дайындықпен келген –
Азаматтық авиация академиясы 1-орынды, АЭжБУ командасы мен
Логистика және көлік академиясы мен 2-орынды, Халықаралық
ақпараттық технологиялар университеті мен Қазақстан-Британ техникалық
университеті 3-орынды иеленіп бағалы сыйлықтармен және
сертификаттармен марапатталды. Мұндай байқауда жеңілгендер жоқ, тек
жеңімпаздар бар. Студенттер жан жақты жетілуге және барлық жаңа
нәрселерді ынтамен қабылдауға ұмтылатын қауым екендіктерін тағы да
дәлелдей білді.
 Қорытындылай келе, байқаудың ең маңызды жетістігі
ынтымақтастықтың жаңа көкжиектерінің, өзара әрекеттестіктің жаңа
формаларының ашылуы болды, ал ағылшын тілі кәсіби қарым-қатынас
жасау дағдысын жетілдіріп, техникалық жоғары оқу орындары
студенттерінің бір-бірімен танысып, қарым-қатынас жасауына, білім
деңгейлерін арттыруына себеп болды. 

Тіл білімдері кафедрасы