Energo University-дің студенттері мен докторанттары Қытайдың спутниктік жүйелер корпорациясында тағылымдамадан өте алады

Energo University-дің студенттері мен докторанттары Қытайдың спутниктік жүйелер корпорациясында тағылымдамадан өте алады


24.11.2023 Барлық жаңалықтар


Energo University (Алматы энергетика және байланыс университеті) және Қытайдағы Mino Space ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.

Бұл келісім Energo University магистранттары мен докторанттарына шағын ғарыш аппараттарын, байланыс спутниктерін және Жерді қашықтықтан зондтау спутниктерін әзірлеуге маманданған Қытайдың жетекші Mino Space компаниясында тағылымдамадан өтуге және эксперименттер жүргізуге мүмкіндік береді.

Меморандум шеңберінде тараптар ынтымақтастықтың келесі бағыттары туралы уағдаласты:

бірлескен ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер;

бірлескен іс-шаралар мен семинарларды ұйымдастыру;

Mino Space компаниясының базасында тағылымдамадан өту және эксперименттер жүргізу.

- Бұл біздің университеттің студенттері мен докторанттарына ғарыш саласындағы бірегей жұмыс тәжірибесін алуға мүмкіндік береді, - деп атап өтті Energo University-дің Телекоммуникация және ғарыштық инженерия институтының директоры Куаныш Алипбаев.

Energo University үшін Minо Space-пен ынтымақтастық ғарыш саласындағы жетекші шетелдік компаниялармен байланысты дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Бұл студенттер мен докторанттарға осы салада озық білім мен дағдыларды алуға, сондай-ақ еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.