11.12.2023 Барлық жаңалықтар
Республикалық киберспорт федерациясының атқарушы директоры Қазбек Жанғазиевтің ресми хатында хабарланғандай, Global Еsports Games 2023 финалдық турниріне Қазақстан командасының құрамына Energo University студенті Ербол Ыкыласов кірді.
Dota 2 компьютерлік ойыны бойынша Global Esports Games 2023 Global Еsports Federation аясында өткізілетін командалық әлем чемпионаты – әлемдік киберспорт кеңістігін біріктіретін, халықаралық федерациялардың бірі.
Финалдық турнир 12 мен 16 желтоқсан аралығында Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта өтеді. Ол жерде қатысу құқығына 8 команда ие болды. Олардың жетеуі турнирге алдымен ұлттық іріктеу кезеңдері арқылы, содан кейін аймақтық кезеңдер арқылы өтті. Бұл Аустралиядан, Оңтүстік Африкадан, Қазақстаннан, Сербиядан, Түркиядан, Бразилиядан және Малайзиядан келден командалар. Сегізінші қатысушы –ұйымдастырушы мемлекет, Сауд Арабиясы.
Эр-Риядтағы турнирдің ширек финалында 8 команда төрт жұпқа бөлінген. Жеңімпаздар екі жартылай финалға шығады. Олардың нәтижелері бойынша екі команда анықталады, содан кейін олар алтын және күміс медальдар үшін күресетін болады. Ал жартылай финалда ұтылған командаларға қола медаль иегерін анықтау алда күтетін болады.
Әр команданың құрамында – 5 киберспортшы болады. Қазақстандық киберспорт федерациясының ресми хатынан көрініп тұрғандай, ел намысын қорғайтындар арасында Energo University-дің төртінші курс студенті Ербол Ыкыласов бар. Ербол біздің университетімізге Атыраудан келді. Ол «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша білім алады. Ерболдың киберспортқа әуестенуін ескерсек, үшінші курста ол «Басқару жүйелеріндегі автоматтандыру және ақпараттандыру» мамандығын компьютерлік техникамен және бағдарламалаумен көбірек байланысты болғандықтан таңдағаны таңқаларлық емес.
Global Esports Games 2023-те Қазақстан командасын 12 желтоқсанда ширек финалда Түркияның киберспортшыларымен кездесу күтілуде. Бұл жекпе-жекте табысты өнер көрсету қазақстандықтарға жартылай финалға шығуға мүмкіндік береді, онда олардың қарсыласы Бразилия-Сербия жұптарының жеңімпазы болады.