Автоматтандыру және басқару кафедрасының студенттері шалғайдағы Рубежинское ауылын электрмен және жылумен жабдықтау мәселесін шешуді ұсынды

Автоматтандыру және басқару кафедрасының студенттері шалғайдағы Рубежинское ауылын электрмен және жылумен жабдықтау мәселесін шешуді ұсынды


13.06.2024 Барлық жаңалықтар


мекеннің энергетикалық қажеттіліктерін қамтамасыз ету міндетін шешуге Energo University (Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының студенттері орындаған кешенді дипломдық жоба арналды.

Дипломдық жобаның тақырыбы – «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электрмен және жылумен жабдықтаудың аралас автоматтандырылған жүйесін әзірлеу». Жобаны «Автоматтандыру және басқару» мамандығының студенттері Дастан Моряк, Мади Кемелбек, Максат Смагулов және Ерасыл Муратов профессор Лида Ибраеваның жетекшілігімен орындады.

Негізгі энергия көздері күн панельдері мен жел генераторы болды. Артық энергияны сақтау үшін аккумуляторлы батареялар қолданылады. Резервтік көз ретінде дизельді генератор қарастырылған. Жылумен жабдықтау мәселесін шешу үшін күн сәулелік коллекторларды пайдалану ұсынылады.

Дипломдық жоба авторларының бірі Алматы энергетика және байланыс университетіне оқуға келген Батыс Қазақстан облысында орналасқан Рубежинское ауылының қажеттілігін жабатын қажетті энергияның есебі жүргізілді.

Жобаны орындау барысында студенттер автоматиканың техникалық құралдарын таңдады. Scada жүйесін - энергиямен жабдықтау үдерісін бақылаудың автоматтандырылған жүйесін әзірледі. Жобаның жұмыс қабілеттілігін растау үшін дипломшылар физикалық макет жасады, оның жұмысын басқару әзірленген бағдарламалық жасақтаманың көмегімен автоматты түрде жүзеге асырылады.

- Ұсынылған жоба аттестаттау комиссиясынан лайықты баға алды, оның құрамына дәстүр бойынша университет оқытушылары ғана емес, сонымен қатар өндіріс мамандары да кіреді,-деп атап өтті Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтының директоры Игорь Федоренко. - Мұндай жобаларды орындау нақты міндеттерді шешу кезінде біздің студенттер автоматтандыру, бағдарламалау және басқа да бағыттар бойынша алған білімдерін тәжірибеде табысты қолданатынын көрсетеді.

Физикалық макет жұмысын көрсете отырып, осы дипломдық жобаны қорғаудың бейнесін мына сілтемеден көруге болады……

https://www.instagram.com/p/C8JIzqhvq5G/?igsh=MTI0bzQzODc3bXpjaA==

Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институты

ENERGO UNIVERSITY