Energo University-дің қабылдау комиссиясы талапкерлерді күтуде

Energo University-дің қабылдау комиссиясы талапкерлерді күтуде


12.06.2024 Барлық жаңалықтар


Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде (Energo University) қабылдау комиссиясы жұмысын бастады. Мұнда талапкерлерді қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап беруге дайынбыз.

Қабылдау комиссиясы 25 тамызға дейін жұмыс күндері 9:00-ден 18:00-ге дейін және сенбі күні 9:00-ден 14:00-ге дейін жұмыс істейді.

Гранттар конкурсына өтініштерді қабылдау-13-20 шілде аралығында сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін (демалыс күндерінсіз).

Қабылдау комиссиясының консультанттары талапкерлерді А корпусының фойесінің бірінші қабатында Байтұрсынов көшесі, 126/1 мекенжайы бойынша күтеді.

Сонымен қатар, осы кезеңге түсу туралы толық ақпаратты WhatsApp: +77076006493 және Energo University-дің aues.edu.kz/kz сайтынан алуға болады «Талапкерге» бөлімінде гранттар мен шәкіртақылар туралы толығырақ мына жерден біле аласыз: https://aues.edu.kz/kz/bachelor/grants

ENERGO UNIVERSITY