Ғылым күні құтты болсын!

Ғылым күні құтты болсын!


11.04.2020 Барлық жаңалықтар


Құрметті Ғұмарбек Дәукеев атындағы  Алматы энергетика және байланыс университетінің ғалымдары, оқытушылары, студенттері, магистранттары мен докторанттары!

Сіздерді Ғылым қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ежелгі заманнан бері ғылым адамзат дамуының басты қозғаушы күші болды және қазіргі уақытта ұлттық байлықтың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, ал ғалымдар – ұлттың мақтанышы және елдің игілігі.

Бүгінде университеттің ғылыми ұжымында – 32 ғылым докторы, 142 ғылым кандидаты, 31 PhD докторы, 147 ғылым магистрі бар. Университетте 5 мыңға жуық студент, 400-ден астам магистранттар мен докторанттар оқиды. Бұл үлкен зияткерлік күш!

Осы атаулы күні Сіздерге күнделікті қажырлы және ерен еңбектеріңіз үшін және жаңашыл идеяларыңыз іске асырылатын бірегей жұмыстарыңыз бен жаңа білімді және ұлттық экономиканы одан әрі дамытуға нақты шешімдер ұсынатын тың жобаларыңыз үшін ризашылығымды білдіремін.

Тек соңғы жылдың өзінде біздің ғалымдарымыз энергетика саласында 30-дан астам ғылыми-техникалық жобаны жүзеге асырып, 570 млн.теңгеден астам сомаға 61 зияткерлік меншік объектілерін тіркеді.

АЭжБУ дамуындағы жаңа перспективалар ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (ЦДИАӨМ) жалпы сомасы 105 млн.теңгені құрайтын тағы 2 жаңа грантын жеңіп алды.

Өз нәтижелерімен сіз қазақстандық қана емес, әлемдік ғылымды да байытасыз. Біздің ғалымдарымыздың жыл ішінде алған жоғары ғылыми нәтижелері 160 – тан астам мақалаларда жарияланды, олардың жартысы Scopus және WebofScience басылымдарында жарық көрді. 100-ден астам оқытушы SCOPUS және WebOfScience деректер базасында жоғары дәйексөзге ие.

Жоғары кәсіби құзыреттерді мойындаудың және АЭжБУ ғалымдарының сараптамалық пікірінің беделін растаудың дәлелі - осы жылы қабылданған АЭжБУ ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің бекітілген инвестициялық бағдарламалардың орындалуына техникалық сараптама жүргізу үшін АЭжБУ уәкілетті тұлғалар (сарапшылар, сарапшы ұйымдар) тізіміне қосу туралы шешімі болып отыр.

Біз тек қана тамаша әрі қызықты ғылым әлеміне бет бұра бастаған және ғылыми шыңдарды бағындыруға нық қадам басқан біздің студенттер мен жас ғалымдарымыздың әрбір жетістігіне шын жүректен қуаныштымыз,  олар KazEnergy, "HackathonKazpost", FIRST FRC2020 "AlmatyRoboman" атақты қазақстандық алаңдарында Республикалық маңызы бар әртүрлі конкурстарда жүлделі орындарға ие болды және CASE-IN халықаралық конкурстарында "Қиыр Шығысты цифрландыру" шексіз ғылыми ойдың әлемдік кеңістіктерін игере отырып, Стамбұл қ. робототехника бойынша жарыстарда жеңімпаз атанды.

Бұл мереке күні Сіздерге, қымбатты достар, шығармашылық жоспарлар мен ғылыми ойларды жүзеге асыруда жаңашыл және тың шешімдер, сарқылмас күш-жігер және сіздердің ғылыми қызметтеріңізге үлкен кәсіби жетістіктер тілеймін.

Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры

профессор С. С. Сагинтаева

ENERGO UNIVERSITY