Алматыдағы Energo University базасындағы неміс Анхальт университетінің филиалына жеңілдікпен түсуге болады

Алматыдағы Energo University базасындағы неміс Анхальт университетінің филиалына жеңілдікпен түсуге болады


05.08.2024 Барлық жаңалықтар


Екі дипломдық бағдарлама аясында Energo University (Гумарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) базасында Германиядағы қолданбалы ғылымдар саласындағы үздік бес университеттің бірі болып табылатын Анхальт қолданбалы ғылымдар университетінің (Hochschule Anhalt) филиалына студенттер қабылдануда. Алғашқы 20 үміткерге айтарлықтай жеңілдіктер қарастырылған.

 

Energo University-ге түскен талапкерлер бірден екі диплом – мемлекеттік және еуропалық үлгідегі диплом алуға мүмкіндік алады, бұл осы жылдың маусым айында Германияда екі ел университеттерінің басшылары арасында тиісті келісімге қол қойылғаннан кейін мүмкін болды.

 

Филиалға қабылдау Қазақстан азаматтарына да, шетелдік азаматтарға да қолжетімді. Оқу толығымен ағылшын тілінде «Жүйелік инженерия» және «Биотехникалық және медициналық жүйелер мен аппараттар» бакалавриат бағдарламалары және «Энергетикалық саясат және халықаралық сауда» магистратура бағдарламалары бойынша жүргізіледі. Анхальт қолданбалы ғылымдар университетінің филиалына қабылданған алғашқы 20 үміткерге бірінші оқу жылына 1 750 000 теңге көлемінде жеңілдік беріледі. 

Оқу бағалары және қабылдау шарттары туралы толық ақпаратты мына жерден білуге болады:

біздің сайтымыздың тиісті бөлімінде: https://aues.edu.kz/ru/site/dual-program-anhalt

электрондық пошта арқылы: info@aues.kz

телефон арқылы: +7 707 600 64 82

ENERGO UNIVERSITY