20.08.2024 Барлық жаңалықтар
Соңғы уақытта біз алаяқтардың Energo University ректоры мен проректорларының атынан хабарламаларды жіберу жағдайларын байқадық. Мұндай хабарламаларда жеке ақпарат беру, ақша аудару немесе басқа да күмәнді талаптар болуы мүмкін.
Сіздерді сақ болуға және мұндай хабарламаларға сенбеуге шақырамыз. Егер сіз күмән туғызатын хат немесе хабарлама алсаңыз, оған жауап бермеңіз және оны елемеңіз. Energo University басшылығының атынан келіп түскен кез-келген сұраудың шынайылығын тексеру үшін ректор мен проректорлардың хатшыларына тікелей хабарласуды ұсынамыз.
Energo University әкімшілігі