ICT Roadshow 2024: Huawei компаниясы Energo University-де кездесу өткізді

ICT Roadshow 2024: Huawei компаниясы Energo University-де кездесу өткізді


20.09.2024 Барлық жаңалықтар


19 қыркүйекте Energo University-де Huawei компаниясы Қазақстанның 19 қаласын қамтитын ICT Roadshow 2024 жобасы аясында студенттермен кездесуді өткізді. Іс-шараның мақсаты – ақпараттық-коммуникациялық технологияларды насихаттау және осы саладағы жас таланттарды қолдау.

Кездесуге қатысушыларды Huawei компаниясының Қазақстандағы бас директорының орынбасары Тан Лянг, HR-директор Донг Сяоцай және таланттар экожүйесін дамыту жөніндегі менеджер Жазира Камашбектің жеке өздері қарсы алды. Олар Huawei-дің студенттер мен жас мамандар арасында цифрлық дағдыларды дамыту және ілгерілетуге бағытталған жаһандық білім беру бастамасы туралы, Huawei ICT Competition 2024-2025 жаһандық жарыстарына қалай қатысуға болатыны және оқу барысындағы, кейін оны сәтті аяқтағаннан кейінгі мүмкіндіктер туралы айтты. Сонымен қатар, студенттердің алдында өздерінің табыс тарихымен бүгінде қытай корпорациясында жұмыс істейтін Huawei академиясының түлектері сөз сөйледі.

2019 жылдан бастап Energo University-де Қазақстандағы алғашқы Huawei Академияларының бірі жұмыс істейді. Бүгінде ол елдегі үздік бес академияның қатарына кіреді. Оның үйретушілері: Татьяна Голубева мен Виктор Тайлаков жұмыс істеген жылдары Huawei стандарттары бойынша сертификатталған 170-тен астам маманды дайындады. Energo University студенттері үнемі Huawei жарыстарының әлемдік кезеңіне қатысатын Қазақстан құрамасының құрамына кіреді. Үш жыл қатарынан біздің студенттер финалдық әлемдік кезеңде жүлделі орындарға ие болып келеді. «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығының студенті Николай Жиляков екі жыл қатарынан әлемдік кезеңнің жеңімпазы атанды.

 

Energo University жанындағы Huawei Академиясына оқуға түсу мәселелері бойынша:

жұмыс уақытында: +7 777 235 0586 тел. арқылы

электрондық пошта: t.golubeva@aues.kz 

ENERGO UNIVERSITY