Energo University-ге неміс зерттеу қорының делегациясы келді

Energo University-ге неміс зерттеу қорының делегациясы келді


17.09.2024 Барлық жаңалықтар


Energo University - ге неміс зерттеу қорының делегациясы келді, оның құрамында Анхальт қолданбалы ғылымдар университетінің президенті - профессор Йорг Багдан (Jörg Bagdahn) болды.

Сапардың мақсаты-Қазақстан мен Германияның энергетика, электротехника, машина жасау және т. б. салаларда ғылыми зерттеулер жүргізудегі ынтымақтастықты нығайту.

Кездесу барысында қонақтарға Орталық Азияның жетекші энергетикалық жоғары оқу орны ретінде Energo University қызметі, жоспарлары мен болашағы туралы толық ақпарат беріліп, ғылыми ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу мүмкіндіктері талқыланды.

Сапар аясында делегация университеттің қолданыстағы озық ғылыми зертханаларымен және жақында аяқталған оқу кампусын жөндеу нәтижелерімен танысты.

— Біз үшін бұл сапар екіжақты қарым-қатынастарды дамытудағы маңызды қадам болатынына және ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенімдіміз, - деп Energo University академиялық қызмет жөніндегі проректоры Айбек Жупанхан атап өтті.

ENERGO UNIVERSITY