Energo University-де Қытай университеттерінің өкілдерімен кездесу өтті

Energo University-де Қытай университеттерінің өкілдерімен кездесу өтті


24.09.2024 Барлық жаңалықтар


Energo University-де Солтүстік Қытай су ресурстары және электр энергетикасы университеті (NCWU), Чунцин Цзяотун университеті (CQJTU) және Халықаралық бизнес және экономика университетінің (UIEE) өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесу барысында қытайлық және қазақстандық әріптестер өз университеттерінің қызметі туралы презентация жасап, оқытушылар арасында тәжірибе алмасу, шетелдік ғылыми тағылымдамалар ұйымдастыру және қос дипломдық бағдарламаларды әзірлеу мақсатында ынтымақтастық туралы ниеттерін білдірді.

«Қытай университеттері электроэнергетика саласындағы білім берудің мықты негізімен танымал. Олардың тәжірибесін алу және осы білімді болашақ мамандарға жеткізу біз үшін өте маңызды», - деп атап өтті Energo University-дің Энергетика және жасыл технологиялар институтының директоры Бегимбетова Айнур.

ENERGO UNIVERSITY