Energo University психологтары студенттерге профилактикалық дәрістерді өткізді

Energo University психологтары студенттерге профилактикалық дәрістерді өткізді


03.10.2024 Барлық жаңалықтар


Energo University психологтары студенттермен суицидті алдын алу тақырыбында профилактикалық кездесу өткізді.

Лекция барысында мәселенің маңыздылығын арттыру мақсатында жақындарының назар аударуы қажет мінез-құлық белгілері талқыланды, сонымен қатар психологтар суицидті алдын алуға бағытталған қолдау көрсету шаралары туралы айтып берді. Оған белсенді тыңдау, сезімдерді ашық талқылау және мамандардан көмек сұрау сияқты әдістер кіреді.

Естеріңізге саламыз, Energo University-де психологиялық қолдау қызметі жұмыс істейді, сіз әрқашан көмек пен кеңес алу үшін оларға жүгіне аласыз.

Консультациялар онлайн және офлайн форматта аптаның жұмыс күндері сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін жүргізіледі.

Қолдау алу үшін «Б» ғимаратының 232-кабинетіне алдын ала жазылып, келесі сілтеме арқылы электронды түрде сеансқа жазыла аласыз: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfWquCA3JAk8pegOlR2Q1-eft2PoJbaE3XRYCaEOwai_vk7Eg/viewform

Толығырақ ақпарат алу үшін келесі телефон нөміріне хабарласуға болады:

8(727)3231175 (ішкі нөмір 6921) немесе psyconsult@aues.kz электронды поштасына жазуға болады.

ENERGO UNIVERSITY