Energo University-де колледж студенттеріне арналған электрмонтаж бойынша шеберлік сабағы өтті

Energo University-де колледж студенттеріне арналған электрмонтаж бойынша шеберлік сабағы өтті


11.10.2024 Барлық жаңалықтар


11 қазанда Energo University (Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) колледжінің алаңында Алматының бірнеше орта-арнайы техникалық оқу орындарының 2-3 курс оқушылары жиналды. Оларға «Electroprofi» қауымдастығының мамандары шеберлік сабағын өткізіп, электр қалқан жабдықтарын стендте «нөлден» қалай дұрыс және тез жинау керектігін көрсетті.

Мастер-класстың мақсаты – Energo University алаңында өтетін білім алушыларды электротехникалық мамандықтар бойынша алматылық колледждердің студенттері арасында өтетін электрмонтажшылар чемпионатына дайындау. Студенттердің жұмысын жоғары білікті және тәжірибелі электрмонтажшылар бағалайтын болады.

Чемпионат 2024 жылғы 19 қазанда Energo University спортзалында өтеді.

Мекенжай: Байтұрсынұлы көшесі 126/1, D корпусы.

Басталу уақыты: 11:00.

Қатысушылар мен қонақтарды тіркеу үшін mavlid.b@ekt.kz электронды поштасына хат жіберу қажет.

ENERGO UNIVERSITY