Energo University Өзбекстанмен ынтымақтастықты дамытып жатыр

Energo University Өзбекстанмен ынтымақтастықты дамытып жатыр


14.10.2024 Барлық жаңалықтар


Өзбекстанға (Ташкент қаласы) сапар барысында Energo University өкілдері – даму жөніндегі проректор Айжамал Айтмұхамедқызы Жазықпаева және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Сабина Нұрахунқызы Манапова – И. Каримов атындағы Ташкент мемлекеттік техникалық университетіне барды.

Кездесуге ТМТУ тарапынан ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі проректор Сардор Бұрханович Донаев, энергетика факультетінің деканы Олимжон Зувурович Тоиров, «Электротехника» кафедрасының меңгерушісі Рахматилло Чориевич Каримов және білім трансфері мен өндірістік жұмыс бөлімінің меңгерушісі Жавохир Буриевич Тошов қатысты.

Тараптар студенттермен академиялық алмасу жоспарын, оқытушы-профессорлар құрамының қысқа мерзімді тағылымдамаларын ұйымдастыру мәселелерін, ғылыми жобаларға бірлесіп өтінім беру мүмкіндіктерін талқылады. Әріптестерге «Электротехника» кафедрасының зертханалық стендтерінің жұмыс процестері көрсетіліп, «Электрмен жабдықтау» кафедрасының заманауи зертханалық базасын таныстырды. Кейіннен New Uzbekistan University академиялық блогының өкілдерімен кездесу өтіп, ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.

Ташкентке сапар барысында Energo University өкілдері екі жалпы білім беретін мектептің (№104 және №305) жоғары сынып оқушыларымен кездесіп, халықаралық білім беру көрмесіне қатысты.

ENERGO UNIVERSITY