Energo University-де Phywe неміс жабдығымен жабдықталған оқу зертханасы ашылды

Energo University-де Phywe неміс жабдығымен жабдықталған оқу зертханасы ашылды


17.10.2024 Барлық жаңалықтар


Energo University-де танымал неміс компаниясы Phywe-нің жабдығымен жабдықталған физика бойынша оқу зертханасы ашылды. Phywe мектептерге, колледждерге және университеттерге арналған зертханалық және демонстрациялық жабдықтарды әзірлейді және шығарады. Қазіргі уақытта университет оқытушылары жаңа жабдықпен жұмыс істеу бойынша оқытудан өтуде.

Phywe компаниясы студенттер мен оқытушыларға классикалық және заманауи ғылым шеңберінде 400-ден астам базалық эксперименттерді ұсынады. Есте қаларлығы, кейбір зертханалық қондырғылар әр жылдары Нобель сыйлығын алған эксперименттерді қайталай алады екен.

Апта ішінде Energo University оқытушылары атомдық физика, электр және механика бойынша эксперименттік қондырғылармен танысып, кейін студенттерге тиімді білім беру мақсатында оны қолдану жолдарын үйренеді.

ENERGO UNIVERSITY