20.04.2020 Барлық жаңалықтар
2020 жылдың 16 сәуірі сағат 10:00-де «АЭжБУ» КеАҚ базасында «Телекоммуникация» және «Инженерия және инженерлік іс» кадрларды даярлау бағыты бойынша Жобаларды басқару топтары Оқу-әдістемелік бірлестігінің жоспарланған отырыстарының бірі өтті. ОӘБ-ЖБТ отырысы ҚР-да жарияланған төтенше жағдай кезеңінде жоғары оқу орындарында Қашықтықтан білім беру технологияларын жүзеге асыру аясындағы өзекті мәселелер бойынша ҚР БҒМ кестесіне сәйкес жоспарланған болатын.
Аталған іс-шараға академиялық қауымдастық өкілдері мен еңбек нарығының өкілдері қатысты, олардың саны 47 адамнан асты.
Отырыста ЖБТ «Электр энергетикасы» жобасының жетекшісі Михаил Владимирович Башкиров, т.ғ.к., Электр станциялары және электр энергетикалық жүйелер кафедрасының (ЭСЭЭЖ) меңгерушісі Ертуган Қожагулович Умбеткулов және т.ғ.к., Электрмен жабдықтау және энергияның жаңартылатын көздері кафедрасының (ЭЖЭЖК) меңгерушісі Қажибек Тілеуғалиұлы Тергемес кәсіби стандарттар негізінде әзірленген жаңа білім беру бағдарламаларын бекіту мәселесі бойынша қызықты және мазмұнды баяндамаларымен сөз сөйледі.
Кәсіптік стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларын дайындау мәселесін талқылау барысында ОӘБ-ЖБТ төрайымы С.С. Сагинтаева нақты еңбек нарығының қажеттілігін өзгертуге бағытталған сұранысқа ие кадрларды даярлаудың жоғары нәтижесіне қол жеткізу үшін ЖОО-лар еңбек нарығымен бірлесіп, оқытушы-профессорлар құрамының біліктілігін үнемі арттыру, жоғары оқу орындарының зертханалық базасын жаңғырту, білім беру бағдарламаларын талдау үшін жоғары білікті сарапшылар пулын құру және базаны қалыптастыру мәселелерін шешу қажет екенін атап өтті.