Ғ. Дәукеев атындағы АЭжБУ ҚР Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығына маска ұстағыштардың бірінші тобын тегін тапсырды.

Ғ. Дәукеев атындағы АЭжБУ ҚР Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығына маска ұстағыштардың бірінші тобын тегін тапсырды.


20.04.2020 Барлық жаңалықтар


Ғ. Дәукеев атындағы АЭжБУ ҚР Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығына маска ұстағыштардың бірінші тобын тегін тапсырды.

Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті дүниежүзілік пандемия кезінде шетте қалмады және осындай қиын уақытта дәрігерлерге қолдау көрсетуге шешім қабылдады. Ғарыштық инженерия және телекоммуникациялар институтының директоры Г. Балбаевтың және Ғарыштық инженерия кафедрасының меңгерушісі К. Алипбаевтың жетекшілігімен студенттер Solidworks және 3D принтер бағдарламалық қамтамасыздандыруын пайдалану арқылы PLA пластиктен медициналық маскалар мен бастапқы қорғаудың мөлдір маскалары үшін арнайы құрал әзірледі.

АЭжБУ студенті Ж. Тоқтанаев: «Біз өзіміздің механика саласындағы барлық білімдерімізді қолдандық, есептеу барысында материалдың беріктігі мен қаттылығын анықтау үшін соңғы элементтердің әдістерін қолдандық. Есептеу нәтижесі бойынша, маска ұстағыштардың оңтайлы нұсқасын шығардық. Ұстағыштар 10-15 минут шамасында, ал  бастапқы қорғаудың мөлдір маскалары 50-55 минут басылады».

#Бізбіргеміз  акциясы аясында Ғұмарбек Дәукеев атындағы  АЭжБУ Қазақстан Республикасы фтизиопульмонология Ұлттық ғылыми орталығы ШЖҚ РМК медициналық қызметкерлеріне 100-ден астам медициналық  және  25 мөлдір маскаларды  өтеусіз тапсырды.

Денсаулықтарыңыз мықты болсын!

ENERGO UNIVERSITY