20.04.2020 Барлық жаңалықтар
Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ докторанты «Электротехника және электроника» бойынша VІІ Халықаралық конференцияда сөз сөйледі
Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің докторанты Мұрат Айбек (ДЭЭ-17-1 тобы) «Электротехника және электроника» бойынша VІІ Халықаралық конференцияда (ICEEE 2020) « Research and Modeling of magnetically controlled shunt reactors in PSCAD/EMTDC» тақырыбында баяндама жасады.
Конференция Түркия, Анталия қаласында 2020 жылдың 14-16 сәуіріне жоспарланған болатын, бірақ әлемдік пандемияға байланысты онлайн режимде өтті.
Ұйымдастырушы ретінде IEEE халықаралық инженерлер қауымдастығының (АҚШ) қолдауымен Gazi университеті (Түркия) болды. Конференцияға бүкіл әлемнің ғалымдары қатысады.
Қатысушылар конференциядан баға жетпес тәжірибе алып, энергетика саласындағы басқа ғалымдардың мақалаларымен танысты, сонымен қатар ферромагнит құрылғыларындағы электромагниттік процестерді зерттеу саласындағы зерттеушілермен байланыстарымен алмасты.