23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні (World Book and Copyright Day).

23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні (World Book and Copyright Day).


23.04.2020 Барлық жаңалықтар


23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні (World Book and Copyright Day). 

Парижде 1995 жылы 23 сәуірде өткізілген ЮНЕСКО Бас Конференциясы кітаптар мен авторларға құрмет көрсету үшін барлық адамдарды, әсіресе жастарды оқуға және адамзаттың әлеуметтік, мәдени прогресіне ықпал ететін адамдардың таптырмас үлесін құрметтеуге шақырды. Осы күні Дүниежүзілік кітап пен авторлық құқық күні және балалар мен жасөспірімдер әдебиетінде төзімділік идеалдарын насихаттағаны үшін ЮНЕСКО сыйлығы бекітілді. 

Шешім ағарту, мәдени дәстүрлерді түсінуді дамыту мақсатында, сондай-ақ кітаптардың білімді таратудағы ең тиімді құралы, оны сақтаудың ең сенімді тәсілі болып табылатындығын ескере отырып қабылданды.
Кітаптың арқасында біз тек білімге ғана емес, сонымен қатар идеяларға, рухани және моральдық құндылықтарға, адамның сұлулығы мен шығармашылық жетістіктеріне қол жеткізе аламыз. Ақпарат тасымалдаушы, білім мен шығармашылық негізі, кітап әр мәдениетке өзі туралы айтуға мүмкіндік береді, әртүрлі халықтардың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымен таныстырады.


Кітап - уақыт пен кеңістікте әртүрлі өркениеттерді біріктіретін көпір.

ENERGO UNIVERSITY