01.05.2020 Барлық жаңалықтар


АЭжБУ-дегі IT бағытымен танысу

Бүгін @aues_university инстаграм ресми парақшасында Басқару жүйелері және ақпараттық технологиялар институтының директоры - Тимур Саатдинович Қартбаевпен тікелей эфир өтті.

Тимур Саатдинович институттың қысқаша тарихын, оның құрылу жылын және АЭжБУ түлектері еңбек нарығында неге сұранысқа ие екендігін айтты. Талапкерлерді қызықтыратын сұрақтарға жауап берді.

Сақтаулы тікелей эфир 24 сағат бойы қолжетімді.

Тікелей эфир топтамалары жалғасатын болады, біздің жаңалықтарымыздан қапы қалмаңыз!

ENERGO UNIVERSITY