Ғ.Дәукеев атындағы AUES ансамблінің бейне концертіне пікірлер

Ғ.Дәукеев атындағы AUES ансамблінің бейне концертіне пікірлер


03.05.2020 Барлық жаңалықтар


Ғ.Дәукеев атындағы AUES ансамблінің бейне концертіне сілтеме: АЭжБУ ансамблі

Рухани жаңғыру барғдарламасы аясында құрылған АЭжБУ ансамбліне шығармашылық шабыт тілейміз.Ансамбль құрамында біздің еліміздің  болашақ жастары,өнерлері өрлей берсін,ансамбльдің көркемдік жетекшісіне мың алғыс.Дүниежүзінде орын алған қиын індеттен аман-есен шығып,аспанымызда тек осындай бейбіт күндер мен күмбірлеген күйлер шарықтай берсін.

Жылуэнергетика және жылутехника  институтының директоры

Бахтияр Балжан

Құрметті әріптестер,  мейрам құтты болсын!

1975 жылы 1 қаңтар күні Энергетика институты салтанатты ашылған күнінен көркемөнерпаздар үйірмесін ашып, қажетті аспаптардың бәрі алыныпты. Сол жылдардың өзінде талантты жастарымыздан  құралған өнерпаздар түрлі конкурстарға қатыса бастаған. 1980 жылдары "Энтель" орталығы құрылғандағы басты мақсат - осы жастарды өнерге баулу, көркем өнер арқылы терең эстетикалық мәдениетке тәрбиелеу болатын. Кешегі нарыққа көшудің күрделі кезеңдері өмірге келген жастарымыздың бойына ұлттық тәрбиені сіңдіріп, елінің дәстүрін сүюге үйрету қажет, сонда ол еліне шынайы, адал қызмет ете алады. Бәріңіз білесіздер, бұл Сәуле Советовнаның ұстанымы, институтымыздағы кешегі дәстүр жаңа қырынан жаңғырса деген ниеттен туындап отыр. Студенттер сабақтан босай қалған уақытында өнерді үйреніп, дәстүрді қадір тұтсын деп қажетті ұлттық аспаптар сатып алынды, ұлттық нақыштағы киімдерді тіктіруге қаржы бөлдіртті. Жаңа жыл қарсаңында өз жұмысын бастаған үйірменің 3-4 айдағы жетістігі жаман емес. Студенттер университет атынан түрлі конкурстарға қатысуға дәмелі. Сондықтан сәт тілейік. Бұл да мыңнан бірдің озатыны сияқты, Еліне қызмет жасайтын елжанды, ел басқаратын азаматтарды тәрбиелеудің жолы. "Хан Тәңірі" домбырашылар тобының қадамы құтты болсын! Ортақ іске қолдау білдірейік.  Бірге болайық!

Әлеуметтік пәндер кафедрасының меңгерушісі,

тарих ғылымдарының кандидаты Қабдушев Болат Жоламанұлы

Қайырлы күн! Ия, керемет екен! АЭжБУ-де құрылған мына ансабль өз жалғасын тауып, осындай өнерлі жастар көбейе берсін! Көркемдік жетекшілеріне алғыс!

 

Қандай керемет!Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында құрылған ансамбль,біздің өнерлі студенттеріміз!

Жарайсыздар!Өнерлеріңіз өрлей берсін!

Браво!

 

ENERGO UNIVERSITY