21.05.2020 Барлық жаңалықтар
2020 жылдың 20 мамыры «ҚР ғылым саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің (НҚА) өзгерістері бойынша өзекті мәселелер» тақырыбында вебинар өткізілді.
Вебинарға АЭжБУ ғылыми секторы – Ғылым және коммерцияландыру департаментінің қызметкерлері, институт директорлары, ғылыми және оқу зертханаларының жетекшілері, сондай-ақ гранттық қаржыландыру бойынша ғылыми жобалардың жетекшілері қатысты. Вебинарда гранттық қаржыландыру конкурстарына қатысу шарттары бойынша, сондай-ақ ғылыми жобалардың есебін орындау шарттары бойынша негізгі ережелердің жаңа редакциялары сипатталған презентациялар көрсетілді.
Вебинарда төмендегі тақырыптар қозғалды:
- 12 және 27 айға гранттық қаржыландыру бойынша өтінім беру шарттары бойынша редакцияларды салыстырмалы талдау;
- ғылыми жобаларды орындауға қатысты НҚА жаңалықтарын талдау;
-форс-мажор (ТЖ, карантин) жағдайында жаңа редакцияларға байланысты ғылыми жобалар бойынша жұмыстардағы мәселелерді шешу жолдары;