Ғұмарбек Жүсіпбекұлы Дәукеевтің өмірден озғанына 6 жыл өтті

Ғұмарбек Жүсіпбекұлы Дәукеевтің  өмірден озғанына 6 жыл өтті

01.11.2020 Барлық жаңалықтар


Ғұмарбек Жүсіпбекұлы Дәукеевтің  өмірден озғанына 6 жыл өтті.

Ғұмарбек Жүсіпбекұлы Дәукеев-техника ғылымдарының кандидаты, профессор, Алматы энергетика және байланыс университетінің тұңғыш ректоры, 1948 жылы 31 шілдеде Семей қаласында дүниеге келген. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын 1971 жылы бітірген. Әр жылдары Алматы энергетика институтының кәсіподақ комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті Іс Басқармасының ҒТБ бөлімінің сектор меңгерушісі болып жұмыс істеді, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ғылым және техника жөніндегі Жоғары Кеңестің аппаратын басқарды. 1997 жылдың сәуір айынан бастап Алматы энергетика және байланыс институтының ректоры болып жұмыс істеді.

"Ерен еңбегі үшін", "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл"медальдарымен марапатталған. 

50-ден астам ғылыми жарияланымның авторы, бес авторлық куәлігі мен патенті болған.

Ғұмарбек Жүсіпбекұлы Дәукеев біздің жүрегімізде мәңгі қалады