UniSat қатысушылары білім беру наноспутнигін іске қосты

UniSat қатысушылары білім беру наноспутнигін іске қосты


03.11.2020 Барлық жаңалықтар


30 қазан күні UniSat білім беру бағдарламасының қатысушылары - 20 қыз, стратосферада гелий шарының көмегімен білім беру наноспутнигін іске қосты. UniSat - бұл ЮНИСЕФ-тің және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ғылыми-технологиялық паркінің білім беру бағдарламасы.

Бүгінгі таңда UNICEF халықаралық ұйымы жастар арасындағы гендерлік саясатқа көп көңіл бөледі және қыздардың STEM білімін қолдау үшін арнайы қаржыландыруды кезең-кезеңімен бөліп отырады. UniSat жобасы Ғылыми-технологиялық парк пен UNICEF ұйымының алғашқы бірлескен жобасы болып табылады, оның мақсаты наноспутниктер бойынша білім беру курсын әзірлеу болып табылады.

Осы ауқымды жобаның белсенді қатысушыларының бірі «Ғарыштық техника және технологиялар» мамандығының 3-курс студенті Инкар Жалымбетова болды. Ол сегіз ай бойы басқа қыздармен бірге Әл-Фараби ғылыми-технологиялық паркінде наноспутник құру бойынша курстарда оқыды. Оқу барысында Инкар наноспутниктің жердегі кешенді сынақтарын қалай жобалау, бағдарламалау, жинау және жүргізу туралы білім алды.  Инкар UniSat жобасы наноспутниктерді әзірлеу бойынша дағдылар мен құзыреттілікті дамыту үшін ғана емес, топта жұмыс істеу, көпшілік алдында сөйлеу, тайм-менеджмент, креативтілік және т.б. сияқты қыздардың икемді дағдыларын (Soft Skills) дамытуға да арналған екенін атап өтті.

UniSat спутнигі сәулелену, ауырлық, қысым және газ құрамы туралы мәліметтерді жинайтын бірнеше камералар мен сенсорлармен жабдықталған және талдау үшін үлкен көлемде мәліметтер, бейнелер мен суреттер жерге жіберілді. ЮНИСЕФ пен Әл-Фараби ғылыми-технологиялық паркі арасындағы әріптестік шеңберінде 20 қыз Ғарыштық техника және технологиялар саласындағы жетекші мамандардан Invertor негізінде наноспутник корпусын үлгілеу негіздерін, бағдарламалық басқарудың негізгі блоктарын жобалау, бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз етуді әзірлеу дағдыларын, радиобайланысты қамтамасыз етуді пысықтауды және CubeSat үлгісіндегі Наноспутникті құрудың еуропалық стандарттары негізінде кешенді сынақтар жүргізуді үйренді.

Болашақта ЮНИСЕФ инновациялық краудфандинг пен демеушіліктің, сондай-ақ спутниктердің өздерін құру технологияларын жетілдірудің арқасында жобаның ауқымын кеңейтуді жоспарлап отыр.

ENERGO UNIVERSITY