1С лицензияланған бағдарламасының бірлескен оқу орталығы

 1С лицензияланған бағдарламасының бірлескен оқу орталығы


11.11.2020 Барлық жаңалықтар


Жуырда!  1С лицензияланған бағдарламасының бірлескен оқу орталығы

Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ Біліктілікті арттыру институты 1С-САПА оқу орталығымен бірлесіп, кепілдендірілген сапа бойынша бірыңғай әдістеме мен бағдарлама арқылы өткізілетін СОО сертификатталған курстарынан, сондай-ақ 1С бірегей курстарынан өтуді ұсынады.

 «1С:Кәсіпорын 8» бойынша сертификатталған курстар

АЭжБУ БАИ «1С:Бухгалтерия 8», «1С:Сауданы басқару 8» бағдарламалары және «1С:Кәсіпорын 8» платформасы бойынша сертификатталған оқыту курстарын өткізеді.

«1С» фирмасының куәлігі

Әрбір тыңдаушы оқытудан кейін бірыңғай үлгідегі атаулы куәлік алады.

Бірегей 1С курстары

«Қазақстан үшін өндірістік кәсіпорынды басқару. Жалпы қағидаттар және ішкі жүйелердің өзара әрекеті» курсы.

Біздің тыңдаушылар оқуымен қатар «1С-САПА»-  ОО серіктес фирмасында аттестациядан өту, «1С:Кәсіпқой» және «1С:Маман» емтихандарын жеңілдетілген шарттармен тапсыру мүмкіндігіне ие. Бұл «1С» фирмасының серіктестеріне Мәскеуге қымбат сапар шекпей-ақ өзінің табысты жұмысы үшін қажетті құзыреттерді жинауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, біздің студенттеріміздің каникул уақытында «1С-Бухгалтерия» бағдарламасы бойынша 1С-САПА ОО-да тегін оқуға мүмкіндігі бар!

Қосымша ақпарат алу үшін: +7 701 734 77 58 Мадина, +7 777 277 75 75 Максат

ENERGO UNIVERSITY