Қазақстанда Тұңғыш Президент күні атап өтілуде

Қазақстанда Тұңғыш Президент күні атап өтілуде


30.11.2020 Барлық жаңалықтар


Бүгін, 1 желтоқсан, Қазақстанда мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні атап өтілуде. 2011 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының пленарлық отырысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасы алдындағы ерен еңбегін атап өту және мойындау мақсатында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні бекітілді. Мереке күнін таңдаудың тарихи алғышарты мен негізі 1991 жылғы 1 желтоқсанда болған оқиға болды – алғашқы бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақ КСР Президенті лауазымына қайта сайланды.

Қазіргі Қазақстанның жетістіктері еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты екендігі сөзсіз. 1990 жылдың сәуірінде Республика Президенті болған Нұрсұлтан Назарбаев Республика және оның азаматтары үшін зор жауапкершілікті өз мойнына алды. Ол идеялардың генераторы, қоғам мен мемлекет үшін күрделі және маңызды процестердің модераторы болды.

Тәуелсіздік егеменді мемлекеттілікті жандандыруға, кең ауқымды реформаларды жүзеге асыруға, өзінің өміршеңдігі мен өз бетінше даму қабілетін дәлелдеуге мүмкіндік берді. Бұл жаңалықтардың барлығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың есімімен және қызметімен байланысты.

Н.Ә. Назарбаев мемлекеттілікті сақтау туралы мәселе өте өткір, әрі ауыр болған жылдары ел басында тұрып, саяси даналық пен стратегиялық көрегендікті көрсете отырып, оның болашағы үшін жауапкершілікті өзіне алып қана қоймай, мемлекеттік құрылыстың қазақстандық үлгісін әзірлеуде, сондай-ақ Жаңа Қазақстандық патриотизм – «Мәңгілік Ел» идеялық негізін қалауда шешуші рөл атқарды. Қазіргі уақытта халықаралық қауымдастық Қазақстанды қазіргі демократиялық мемлекет ретінде таниды. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан Республикасы Халықаралық қатынастар жүйесіне кірді, өзінің сыртқы саясатын қалыптастырды, ұлттық мүдделерін түсінді. Қазақстанның сыртқы саясатын қалыптастырудағы басты рөл Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевқа тиесілі. Қазіргі жағдайда жалпыұлттық Көшбасшы және қазіргі заманның мықты тұлғасы                 Н.Ә. Назарбаев бастаған Қазақстан бүкіл әлемде бірегей және құрметті мемлекет – Қазақстан Республикасын құра алды, ел азаматтарының бірнеше ұрпағының осы ежелгі және қасиетті жерде тәуелсіздік, халық пен мемлекеттің мәңгілігі туралы ғасырлық арманын қайтарып, «Мәңгілік Ел» идеясын биік деңгейге көтерді. Қазақстанда заманауи демократиялық, зайырлы елдің барлық белгілері бар тәуелсіз және егемен мемлекет құрылды.

Тұңғыш Президенттің күш-жігерінің арқасында еліміздің халықаралық беделі нығайды. Қазақстан қазіргі кезеңде Еуразиялық кеңістікте ірі өңірлік держава мәртебесіне ие, халықаралық қатынастар жүйесінде белсенді рөл атқарады және әлемнің саяси картасында лайықты орын алды. Біздің мемлекетіміз БҰҰ, ЕҚЫҰ, АӨСШК, ИЫҰ, ШЫҰ, ЮНЕСКО, ХВҚ және басқа да көптеген беделді халықаралық ұйымдарда өкілдік етеді. Бүгінде Қазақстан Халықаралық саясаткерлердің, сарапшылардың, саясаттанушылардың, мәдениеттанушылардың, журналистердің, ғалымдардың басты назарында және олар үшін бейбітшілік пен келісімнің бірегей үлгісі – эталонына айналды.

Айта кету керек, мемлекеттік мереке жақындарыңмен бірге болудың және көрнекті тұлға Нұрсұлтан Назарбаевтың жетістіктерін еске түсірудің тағы бір мүмкіндігі болды.

Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ басшылығы атынан  Сіздерді мерекемен құттықтаймыз! Әрбір отбасыға шын жүректен зор денсаулық, бақыт, бейбітшілік пен амандық, егемен мемлекетіміздің одан әрі өркендеуі үшін еңбекте табыс тілейміз!

 

 

ENERGO UNIVERSITY