Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының студенттері арасында "Жылу энергетикасы" мамандығы бойынша өткен Республикалық олимпиаданың жеңімпаздарын құттықтаймыз

Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының студенттері арасында


14.12.2020 Барлық жаңалықтар


2020 жылдың 11 желтоқсанында онлайн режимде «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері үшін «Жылу энергетикасы» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиада ұйымдастырды, онда Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің студенттері жүлделі орындарға ие болды.

Жүлдегерлер:

1-орын: Калашников Руслан ТЭ(ТЭС)-18-3,

2-орын: Сугурбаев Нурсултан ТЭ(ТЭС)-18-3,

3-орын: Жумагалиев Абат – ТЭ(ТЭС)к-18-1.

Олимпиаданың жеңімпазы болу – Сіздердің зияткерлік қабілеттеріңіз бен күш-жігерлеріңіз үшін ең жоғары марапат. Сіздерге қолжеткізген нәтижемен тоқтап қалмауды және одан әрі дамуды, одан да жаңа нәрселерді білуге ұмтылуды тілейміз!

Республикалық пәндік олимпиадаға қатысқан жеңімпаз студенттер мен олардың жетекшілеріне – оқытушылар Сауле Кианбековна Абильдиноваға, Нина Гавриловна Борисоваға, Мусалкул Елегенович Тумановқа және Гүлмира Әбілқайырқызы Әкімбекке алғысымызды білдіреміз.

 

ENERGO UNIVERSITY