Энергетиктер күнімен құттықтаймыз!

Энергетиктер күнімен құттықтаймыз!


20.12.2020 Барлық жаңалықтар


Энергетиктер күні - Қазақстандағы энергетика өнеркәсібінің барлық қызметкерлерінің кәсіби мерекесі, олардың елдің экономикалық дамуындағы, халықтың күнделікті өмірін жетілдірудегі және қолдаудағы сіңірген еңбегін мойындау күні. Осы мамандыққа жататын адамдардың, яғни электр және жылу энергиясын, энергетикалық ресурстарды өндіруді жүзеге асыратын кәсіпорын қызметкерлерінің еңбегі үйлерге, кеңселерге, ауруханалар мен емханаларға, мектептер мен балабақшаларға, кәсіпорындарға жарық пен жылу әкеледі.

Бұл күнді атап өту дәстүрі кеңес заманынан бастау алады, ол 1966 жылы ГОЭЛРО деп аталатын елді электрлендіру бағдарламасын еске алу үшін кәсіби мереке ретінде құрылған. Ал еліміздің заң шығару жүйесінде энергетика күні өзінің ресми мәртебесін 1998 жылы алды. Бір қызығы, мереке жылдың ең қысқа түніне - энергетиктердің жұмысы елеулі білінетін уақытқа сәйкес келеді.

Бұл мереке Алматы энергетика және байланыс университетіне тікелей қатысты. Біздің университет, қызметкерлер мен студенттер кеңестік кезеңнен бастап энергетикалық желілерді құруға және олардың сенімділігін қамтамасыз етуге белсенді қатысты. Бұл тәуелсіз Қазақстанның энергетикасы үшін және болашаққа деген сенімді көзқарас үшін жақсы негіз болды.

АЭжБУ Қазақстанның барлық энергетиктерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтайды және өзі де құттықтауларды ыстық ықыласпен қабылдайды!

Біз әр үй жарық және жылы болуы үшін жұмысымызды жалғастырамыз.

Құрметпен,

Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры,  профессор Сауле Сагинтаева

ENERGO UNIVERSITY