2020 жылғы 29 желтоқсанда АЭжБУ-да ЖОО-ның 45 жылдығына арналған салтанатты жиналыс өтті

2020 жылғы 29 желтоқсанда АЭжБУ-да ЖОО-ның 45 жылдығына арналған салтанатты жиналыс өтті


30.12.2020 Барлық жаңалықтар


2020 жылғы 29 желтоқсанда Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ-да онлайн-форматта ЖОО-ның 45 жылдығына арналған салтанатты жиналыс өтті.

Университетті маңызды датамен Энергетика министрі Нұрлан Асқарұлы Ноғаев, ҚР цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Серікұлы Жамбакин, ҚР Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары Бану Мұхатайқызы Нарбекова, «KEGOC» АҚ Басқарма Төрағасы Бақытжан Төлеуқажыұлы Қажиев, «Самұрық-Энерго» АҚ өндіріс және активтер жөніндегі басқарушы директоры Серік Сүйінбекұлы Тютебаев, «Қазақстан электр энергетикалық Қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Асқарбек Досайұлы Қуанышбаев, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы Мұхит Әбікеұлы Үмбетов, Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік академиясының вице-президенті Нұрлан Мұқанұлы Темірбеков, «Siemens Қазақстан» ЖШС Бас директоры Сергей Михайлович Карпец, «Қазақтелеком» АҚ инфокоммуникациялық технологиялар академиясының білімді басқару жөніндегі директоры Алексей Христофорович Хорош құттықтады.

Жүргізушілер Алматы қаласының әкімі Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевтың, ҚР Экология министрлігінің, «Қазақтелеком» АҚ Басқарма Төрағасы Қуанышбек Бақытбекұлы Есекеевтің, АЭжБУ акционері - «Salva» компаниялар тобының басшысы Эдгар Элдарұлы Салдузидің,"Тәртіп" АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Ағыбайұлы Байтуреевтың, «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Марат Рахмалиұлы Нұрғожиннің құттықтауларын оқыды.

Сонымен қатар, жиналыс барысында Білім министрінің грамоталары, Энергетика министрлігінің марапаттары, Алматы қаласы әкімінің алғыс хаттары, «KEGOC» АҚ Ұлттық компаниясының АЭжБУ қызметкерлеріне алғыс хаттары, АЭжБУ Қамқоршылар кеңесінің «Қазэнергокәсіподақ» ҚБ, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, «Алматы электр станциялары» АҚ, «Қазэнергоөнеркәсіптік ҒЗЖІ Институты» АҚ, «Степногорск энергокешен» ЖШС құттықтау хаттары тапсырылды және университет қызметкерлерін «Степногорск энергокешен» ЖШС, Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығының грамоталарымен, наградаларымен марапаттауы өтті. АЭжБУ серіктестеріне алғыс хаттар табыс етілді.

Сондай-ақ, бизнес-серіктестер, халықаралық ұйымдар, шетелдік және қазақстандық ЖОО мен ҒЗИ-дан құттықтаулар оқылды:

1. Кадир хас атындағы университет ректорының құттықтауы;

2. Ұлы Петр Санкт-Петербург политехникалық университетінің құттықтауы;

3. Қазан мемлекеттік энергетикалық университетінің құттықтауы;

4. Армения ұлттық сәулет және құрылыс университеті ректорының құттықтауы;

5. Тәжік мемлекеттік құқық, бизнес және саясат университетінің ректорынан құттықтау;

6. «Алматы электр станциялары» АҚ;

7. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ;

8. «Қазақтелеком» АҚ;

9. IGTIC жасыл технологиялар орталығы;

10.  Астана-АЭК;

11. «Жамбыл электр желілері» ЖШС;

12. Инженер-энергетиктер одағы;

13. «Казтелепорт» АҚ;

14. «Азия Трафо» ЖШС;

15. Ионосфера Институты;

16. Еуразия ұлттық университеті;

17. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;

18. Қазақстан-Британ техникалық университеті;

19. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті;

20. «Қазэнергоөнеркәсіптік ҒЗЖІ» АҚ;

21. «Степногорск энергокешен» ЖШС.

Көпжылдық адал, мінсіз еңбегі үшін, еңбек міндеттерін орындау кезінде көрсеткен жоғары кәсібилігі үшін, университеттің дамуына қосқан ерекше үлесі үшін 146 қызметкер Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды:

1. 20 жылдан астам жұмыс істеген - 87 қызметкер;

2. 20 жылдан аз жұмыс істегендер - 22 қызметкер;

3. 10 жылдан астам жұмыс істеген - 37 қызметкер.

 

ENERGO UNIVERSITY