31.12.2020 Барлық жаңалықтар
2020 жыл қай-қайсымызға болса да оңай жыл болған жоқ. Тышқан жылы баршамызды сынаққа алып, табандылығымызды тексерді. Онымен қоса, барлық салаға, атап айтқанда білім саласына да көптеген жаңашылдық әкелді. Жаңашылдық дегеніміз – әуелі бір қадам алға басу деп түсінеміз. Өйткені, жаңашылдық бар жерде әрекет бар, ал әрекет болған жерде міндетті түрде нәтиже болады.
Еске алар болсақ, 2020 жылды бірге қорытындылар болсақ:
Оқыту жүйесіндегі қиындықтар мен коронавирус пандемиясына қарамастан, білім ордасы мамандар даярлаудан бірінші шықты, сондай-ақ, ұлттық және халықаралық рейтингте көшбасшы болдық.
Бірлескен зертханалар құрылды. ИзраильдікAYYEKA компаниясымен бірлесіп жаңа зертхана және зертханасы ашылды, HUAWEI академиясы құрылды, Еуропалық Кассино «Мехатроника және роботтық техника» университетінің зертханалық бөлімшесіАЭжБУ базасында жасалды, сондай-ақ, Ғарыштық зерттеулер және технологиялар Ұлттық орталығындағы Криогенді Жылытқыш Құбыр кафедрасының бөлімшесі құрылды. ERASMUS+ бағдарламасы бойынша халықаралық грант есебінен қашықтықтан оқыту кабинеті жасақталды.
Бір жылда ҚР БҒМ Ғылым Комитеті тарапынан 11 грант жобалары жасалды. 2 жоба сандық даму, инновациялар және Қазақстанның аэроғарыштық өнеркәсібіМинистрлігі тарапынан болды. 21 жоба келісім шарттыққа жатты. Келісім шарттық зерттеулерге тапсырыс бергендер арасында «АлатауЖарықКомпаниясы» АҚ, «KEGOC» АҚ, «Қазтелерадио» АҚ, Қазақ мұнай және газ институты, АЛЭС және т.б. болды.
Университет «Самрұқ-Қазына» АҚ квалификация алды тобының іріктеуінен өтіп, сыншылдық деңгейінің 2 сатысына көтерілді (барлығы 3 саты).
2019 жылмен салыстырғанда, 2020 жылы (8 айда) ҒЗЖ қаржыландыруы 54% артқан. ҒЗЖ гранттық қаржыландыруы 2019 жылы 28% өссе, 2020 жылы (8 айда) бұл көрсеткіш 50% құрады.
ОПҚ мақалалары жаңа деңгейге көтерілді. Оны халықаралық базадан көруге болады. Халықаралық базалардың бірі SCOPUS-тың зерттеуі бойынша, көрсеткіш 83% жеткен. Ал Web of Science базасында 3,6 есе артқан. 01.01.2019 салыстырғанда, 04.03.2020 жылға сәйкес, істеп тұрған патенттер саны 22,7% өскен.
Білім беру қызметінің кірісі өткен жылмен алыстырғанда, 48,17% өскен.
АЭжБУ колледжі КЕМ «Тәуелсіз Қазақстан аккредитация орталығында» институционалдық және мамандандырылған аккредитацияны сәтті өткізді.
Соңғы 5 жылда студенттер контингенті артты. Өсім жылына 22% құрады. Түлектерді жұмыспен қамту 2020 жылы 83% жетті.
Университетте сандық жүйелеу, компьютерлермен қамтамасыз ету, материалдық-техникалық базаны арттыру жұмыстары қарқынды іске асып асты.
Сонымен қатар, бір емес, 800 абитуриентке жаңа ноутбуктер сыйға тарттық, АЭжБУ-дың 45 жылдығына орай Тұңғыш Президент саябағына 45 ағаш отырғыздық.
2020 жылғы қорытынды бойынша, Университеттің барлық бағытта қарқынды дамып жатқанын көре аламыз.
Міне, осылайша төрт көзіміз түгел сиыр жылына да қадам басып келеміз. Осы орайда, әр жанның тәніне саулық, жанына тыныштық тілейміз. Студенттеріміздің зейіні ашылып, ұстаздарымыздың біліктілігі арта берсін. Жаңа жылдарыңызбен!