2-семестрде сабақтың басталуы

2-семестрде сабақтың басталуы


06.01.2021 Барлық жаңалықтар


Барлық курстарға арналған ақпарат:

АЭжБУ барлық курстарында 2-семестрдегі сабақтар 1 ақпанда аралас режимде басталады.

Басқа қаладан келген екінші және жоғары курс білім алушылары Алматыға келмей-ақ толық онлайн оқи алады.

Бұл ретте барлық курстардағы аралас оқыту нысанындағы барлық дәрістер мен семинарлық сабақтар қашықтықтан (онлайн) өтетінін ескеру қажет. Тек зертханалық жұмыстар оффлайн режимде өтеді, бірақ санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып: ғимаратқа зертханалық сабақтарға жылжымалы кесте бойынша топтан тек 4 адам ғана қол жеткізе алады, қалған студенттер онлайн қатысатын болады.

Жатақханадан орын 1-курс студенттеріне басымдықпен бөлінеді!

Тек 1-курс үшін ақпарат:

Әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында орындардың жалпы санының азаюын ескере отырып, жатақханалар 1-курс студенттерін қабылдауға дайын.

Жатақханада қашықтықтан жұмыс істеуді қамтамасыз ету үшін бірінші курс студентіне жеке ноутбук немесе компьютер алып келу қажет. Жатақханада жалпы қолданысқа арналған компьютерлер бар болса да, сондай-ақ смартфон арқылы қашықтықтан оқуға болса да, жеке ноутбук (компьютер) тиімдірек болады.

1-курста негізінен әлеуметтік-гуманитарлық пәндер оқылатындықтан, олар бойынша барлық сабақтар, семинарлардан басқа қашықтық оқыту форматында болады. Тек физика бойынша зертханалық жұмыстарды аралас форматта орындау қажет (зертханаға жылжымалы ауысым кестесі бойынша бірінші курста топтың тек 4 студенті қол жеткізе алады). Бірінші курс студенттері "Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері", "AutoCAD, Solid Works-та жобалау", "Компьютерлік графика негіздері" IT-бағытының пәндерін толығымен қашықтықтан оқиды.Білім алушыларға университет аумағында болған барлық кезең ішінде медициналық бетперделерді кию міндетті болып табылады. Университет аумағына бетпердесіз келген студенттер кіргізілмейді. 

Сондықтан 1 ақпанда Алматыға келу-келмеу мәселесін ата-аналарыңызбен ақылдасып, үнемі өзгеріп отыратын эпидемиологиялық жағдайды, сондай-ақ вирустық аурулар белгілерінің болмауын ескере отырып, өзіңіз шешуіңіз керек.

Басқа қалалардан келген бірінші курс студенттері 2021 жылдың 17 қаңтарына дейін (23:55-ке дейін) өтініш жазып, екі нұсқаның бірін таңдап, міндетті түрде ата-аналарының қолы қойылған келісім визасымен өз институтының директоратына ТЕК ҚАНА өздерінің корпоративтік поштасынан фото жіберуі тиіс:

1) эпидемиологиялық жағдайдың күрделілігіне және вирустық аурулар белгілерінің болуына байланысты онлайн-оқуды дербес және толық техникалық қамтамасыз етумен өз үйінен қашықтықтан толық оқыту;

2) Алматыға келумен және жатақханаға орналасумен аралас оқыту.

Өтінішті институттың поштасына жіберу керек:

- Электр энергетикасы және электротехника институты- ieeiet@aues.kz

- Ақпараттық технологиялар институты- isuit@aues.kz

- Телекоммуникация және ғарыштық инженерия институты- iset@aues.kz

- Жылу энергетикасы және басқару жүйелері институты- iteitt@aues.kz

Бірінші курс студенттерінің жатақханаға орналасу және тұру алгоритмі мен ережелеріне сәйкес кейінірек сайтта қосымша толығырақ ақпарат жарияланады.

ENERGO UNIVERSITY