ЕЛІМІЗДІҢ ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ БАСТАМАЛАРЫН ТОЛЫҚ ҚОЛДАЙМЫЗ

ЕЛІМІЗДІҢ ПРЕЗИДЕНТІ  ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ БАСТАМАЛАРЫН ТОЛЫҚ ҚОЛДАЙМЫЗ

06.01.2021 Барлық жаңалықтар


ЕЛІМІЗДІҢ ПРЕЗИДЕНТІ  ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ БАСТАМАЛАРЫН ТОЛЫҚ ҚОЛДАЙМЫЗ

Еліміздің Президенті Қ.Тоқаев «Егемен Қазақстан» ұлттық газетінің беттеріндегі «Тәуелсіздік - бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласында Қазақстанның тарихы ғылымына қатысты яғни 1921-1922 жылдардағы жаппай аштық; «көне дәуірден бүгінге дейінгі Қазақстан тарихы» академиялық көп томдық басылымның жаңа нұсқасын жазу туралы; Отанымыздың қысқаша тарихын жазудың маңыздылығы туралы бастамаларды айтты. Президенттің бұл ұсыныстары шын мәнінде қоғамымызды рухани жаңғырту, ұлттық тарихымызды зерттеуге жаңа серпін берудегі шынайы өзгерістер болмақ.

Айталық, Қасым-Жомарт Тоқаев 1921-1922 жылдардағы жаппай ашаршылықты кәсіби тарихшылардың ғылыми тұрғыдан мұқият зерттеуі қажет екендігін мақаласында атап өтті. «Сол жылдары миллиондаған азаматтарымыз аштықтан қайтыс болды, көптеген отандастарымыз республикадан тыс жерлерде босқын ретінде жан сақтауға мәжбүр болды. Сол қасірет болмаса, біздің азаматтардың саны бүгінгіден әлдеқайда көп болар еді», деп баса айтты. Біз тіпті қайтыс болғандардың нақты санын да білмейміз, деді. Сондықтан аштықтан қайтыс болған адамдар туралы мәліметтер базасын жасау жөнінде ұсыныстар айтып отыр. Шынында да, мемлекетіміз Кеңес дәуірінде жаппай орын алған жан түршігерлік трагедияларға құқықтық баға беруі керек. 1921-1922 жылдардың өзінде аштыққа ұшыраған адамдардың саны 3 миллионға жетті...

Бүгінгі ғылыми тұжырыммен қарасақ бұл жерімізді отарлаудағы қазақтардан босатудың оңтайлы тәсілі, қолдан жасалынған саясат екендігіне күмәніміз жоқ. Атаулы қырғыннан соң іле-шала Орталық Кеңес билігі Қазақстанды билеп-төстеудің империялық дәстүрін жалғастыра отырып, босатылған территориялар солтүстік облыстарға Ресейдің ішкі провинцияларынан қоныс аударушылардың есепсіз даламызға ағылғанын  тарихымызда ашылып жазылған жоқ. Оған мысал 1924-1929 жылдары Қазақстан үкіметінің төрағасы болған Нығмет Нұрмақовтың үздіксіз дабыл қағып, 1927 жылы Мәскеуге жолдаған жеделхаттары. «Өз еркімен қоныс аударушылар Петропавловск қаласына эшелондармен келіп түсуде. Олар Украина, Солтүстік Кавказдың жер басқармаларының рұқсат қағазын көрсетеді. Осыған қарсы шұғыл шаралар қолданып, Қазақстанға келушілерге қатаң тыйым салсаңыздар екен. Губернияларға қоныстанушыларды кері қайтару жөнінде бұйрық бердік» делінген Н.Нұрмақовтың қолы қойылған құжаттың бірінде. Алайда мұндай өтініштерге орталық құлақ та аспады. Мысалы, Қостанай округтік жер басқармасының хабарлауынша 1927–1928 жылдар аралығында аталған Қостанай округіне 45803 адам келсе, Петропавл округіне 25575 адам келіп үлгерген.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев мақаласында ұлттық тарих ғылымындағы қалыптасқан күрделі мәселелерге дұрыс назар аударып отыр. Мұрағаттық материалдарды зерттеумен қатар, еліміздің барлық аймақтарына экспедициялар ұйымдастырып, сол зұлмат жылдардың шындығын ашу керектігі жөнінде бағыт берді. Ұлттық тарихымызды зерттеу мен насихаттауда жоспарлы жұмыстармен қатар, ұрпақ тәрбиесіне де ерекше көңіл бөлу қажеттігін де ескертті. Осыған байланысты жалпы тарихшылар қауымы Президенттің тапсырмаларын қабыл алып, ғылыми-танымдық, тәлім-тәрбиелік жұмыстарды жалпы қоғамдық ортада, студенттер арасында жүргізуге дайын екендігін білдіргіміз келеді.

Болат Кабдушев

Әлеуметтік пәндер кафедрасының меңгерушісі

ПРЕЗИДЕНТ ОЙ ТОЛҒАҒАН МӘСЕЛЕЛЕР

Президент Қ.К.Тоқаев  «Egemen Qazaqstan» гезетінде жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында еліміздің 30 жылдық тәуелсіздігі кезеңін шартты түрде үш онжылдыққа бөліп, әр кезеңнің «жетістіктері мен кемшіліктеріне» тоқталып, оған өз бағасын беріп, болашақ онжылдықтың басты міндеттерін айқындады.

Мемлекет Басшысы Қ.К.Тоқаевтың кезекті мақаласы, әдеттегідей, Қазақстан қоғамының өзекті де өткір проблемаларының кешенін көтере білуімен ерекшеленеді.

Негізі Президент қозғап отырған мәселелердің көпшілігі қалың жұртшылықтың назарындағы, еліміздің көзі ашық азаматтары жиі көтеріп, толғандырып  жүрген тақырыптар.

Дегенмен, мақаланың маңыздылығы сонда, Президент тәуелсіздігімді баянды ету жолында осы өткір мәселелердің шешімін тауып, кейбірінің нүктесін қоюы қажеттігінің мезгілі жеткендігін, осы бағытта белсенді жұмыс жасап,  «дақпырттан іске» көшудің қажеттігін алға тартады деп ойлаймыз.

Мәселен, Президент Қ.К. Тоқаев көтеріп отырған «шекара маңындағы елді-мекендерде тұрғындар санының күрт азаюына» қатысты проблеманың 2014 жылдан бері елімізде жүзеге аса бастаған «Серпін» бағдарламасында көрініс тапқаны белгілі. Билік органдарының мәліметінше, содан бері еліміздің оңтүстік өңірінен солтүстік, шығыс аудандарға 8 мыңнан астам тұрғын қоныс аударған екен. Дегенмен, мұндағы проблемаларды жақсы түсінген Президент «Оған кезекті науқан ретінде қарауға болмайды. Жергілікті билік мұндай жұмыстарды жоғарыға көпірген ақпар беру үшін емес, мемлекеттік мүдде және ағайынға шынайы жанашырлық тұрғысынан жасауға тиіс», - деп тұжырымдаған.

Әрине, Президент «Қазір кім не айтса да, біздің екіжақты келісімдермен бекітіліп, халықаралық деңгейде танылған шекарамыз бар. Енді оған ешкім дауласа алмайды...», - дейді. Дегенмен, алысқа бармай-ақ, бүгінгі Ресей мен Украина (Қырым), Әзербайжан мен Армения (Таулы Карабах) арасындағы территориялық дау-дамай босаңсуға жол бермеу керек екендігін көрсетіп отыр. Сол себепті де мемлекет басшысы шекара маңындағы демографиялық ахуалдың «еліміз үшін стратегиялық маңызы», «еліміздің қауіпсіздігіне қатысы» бар ауқымды мәселе екендігін жасырмайды.

Шындығында, сол шекаралық өңірлерге қоныс аударушы азаматтарымызға маңызды тарихи миссияның жүктеліп отырғанын түсіндіріп, олар үшін барлық жағдайлар мен мүмкіндіктер жасалуы қажет деп ойлаймыз. Мемлекет Басшысы өзінің алғашқы жолдауында орынды көтерген «ауыл мен қала арасындағы алшақтықты жоюды» жедел, әрі сапалы жүргізуді қолға алып, стратегиялық маңызы бар шекаралық өңірлерге басымдық берген дұрыс деп есептейміз.

Президент осы еліміздегі демографиялық ахуалға өлшеусіз залалын тигізіп апатты жағдайға жеткізген, қазақ халқының табиғи өсімін ұзақ жылдарға тежеген, кеңестік биліктің «бүркемеленген озбыр саясатының» ауыр салдары – 1921-1922 жылдардағы ашаршылық мәселесін де орынды көтереді. Кейін 1932-1933 жылдары жалғасып, кеңес билігі тұсында - он жыл ішінде ғана, нақты емес деректер бойынша үш миллионнан астам қазақ өмірін жалмаған, миллиондаған қазақты ұлан-ғайыр ата-мекенінен шұбыра көшіп, бас сауғалауға мәжбүр еткен «ашаршылық мәселесіне мемлекет тарапынан баға» берудің мезгілі, әрине, жетті. Нақты бір халыққа қатысты қолданылған осы бір «озбыр саясатты» неге геноцид ретінде танымасқа? Бұл Қазақстан қоғамында біраздан бері көтеріліп айтылып жүрген мәселенің бірі.

Мемлекет Басшысы «Еліміздің басты нышандарының бірі – мемлекеттік тіл», - деп қазақ тілінің бүгінгі жағдайы мен болашағына, осы бағыттағы атқарылатын іс-шараларға да тоқталған. Президент бұған дейін де тілге қатысты «Халықтың тілі – халықтың төлқұжаты», - деп өзінің жоғары бағасын берген еді. Бұл жолы да еліміз үшін өзектілігін жоймай отырған осы мәселені айналып өтпеді. «Тұтас буын алмасқан осы жылдарда қазақ тілін үйренгісі келген адам оны әлдеқашан біліп шығар еді», - дейді Президент. Немесе Президент айтқандай, «жастар ағылшын тілін немесе басқа да тілдерді аз ғана уақытта меңгере алатынын көріп отырмыз...» ғой.

Шынымен де, қазақ тілін меңгерудегі айтулы жетістіктерге қарамастан, неге мемлекеттік тілді тұтас Қазақстан ұлты меңгеруге құлықсыз?

Міне, осы жерде Президент «Тіл игеру үшін балалар әдебиетінің атқаратын рөлі зор...»,- деп, тығырықтан шығудың бір жолын дөп басып көрсеткен. Біздің ойымызша да, әлемдік классикаға айналған балалар әдебиетінен бастап, қалың жұртшылық сүйіп оқитын түрлі жанрлардағы үздік көркем әдебиет, танымдық документальді және көркем фильмдер, ғылыми әдебиет түпнұсқалардан қазақ тіліне аударылуы тиіс. Бұл тіл үйренудегі жүйелілік пен сабақтастықты қамтамасыз етіп, тілге деген сұраныс пен қажеттілікті, қызығушылықты тудырар еді деп ойлаймыз. Ал бұл тікелей мемлекет құзырындағы немесе мемлекет қолдауын қажет ететін мәселе екендігі анық.

Мемлекет басшысы «ХХІ ғасыр – білім мен біліктің дәуірі»,- дей келе, Қазақстан болашағы – «тың идеялардың қайнар көзі, оң өзгерістердің қозғаушы күші» - жастарға қатысты жасалуы тиіс «қоғам мүддесіне адал көшбасшыларды іріктеу, «Президенттік кадр резервін құру», «әлемнің ең дамыған елдерінде өз кәсіптерін бастаған және алпауыт компанияларда жұмыс істеп жүрген азаматтарымыздың осындағы замандастарымен байланысын нығайтып, тәлімгерлік етуіне жағдай жасау», «талантты жастарды қолдау мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты грант тағайындау» сияқты кезек күттірмес  іс-шараларды нақтылайды.

Байдильдина С.Х.

Әлеуметтік пәндер кафедрасының доценті, т.ғ.к.

БАРЫМЫЗДАН АЖЫРАП ҚАЛМАЙЫҚ!

Жаңа жылдың 5-ші қаңтарында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 4 бөлімнен тұратын «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы жарияланды. Бұл мақалада әділетті қоғам мен тиімді мемлекет құрудың мақсат-міндеттері көрсетіледі. Президент, елдегі жетістіктер мен халақаралық табыстарды мақтан ету үшін ең әуелі тұрғындардың тұрмысын жақсартудың қажеттігін айтып, оның нақты шешімі ретінде ел экономикасының игілігін халықтың сезінуі жолында бағыттау керектігін саралап берген.

Иә, Тәуелсіздіктің арқасында жоғымызды түгендеп, барымызға місе тұтып келеміз. Бірақ қазіргі пандемияның салдарынан жағымсыз идеологиялық вирустар да жайылып келе жатса, Президент өз мақаласында сондай жаңа сын-қатерлерден бүгінгі және болашақ ұрпақты сақтандыруға шақырады. 30 жылдың ішінде қол жеткізген барымыздан айырылып қалмайық! Өйткені, бүгінгі технологияның үздіксіз дамуы бұқаралық ақпаратты да жылдам таратуда. Осындай жағдайда жастар жат жұрттың ықпалына байсалды түрде ілесіп кеткенін аңғармай, санасының улануы арқылы өз еркімен торға түсетіндігін ескерткен Президент, осы қауіптің алдын алу науқанына тәрбие жұмысымен еңбек сіңіретін педагог-ағартушыларды шақырып отыр.

«Жастар – біздің болашағымыз»деген сөз бұрын да қазір де айтылып келеді. Бір орында тұратын өмір жоқ. Бүкіл тіршілік атаулы ауысады. Адам да солай.

Кез келген қоғамда өмір сүретін адам, өз ұрпағына ылғи жақсылық ойлап, жастайынан ұлағатты болу жолында тәрбиелейді. Сол толқынның өсуімен қоғам да өзгереді. Қазіргі заман – техниканың қарыштап өсу заманы. «Заманына орай адамы» демекші бүгінгі жастар да техникаға әуес. Байқауымша техниканың өсу жылдамдығымен тұрмыс-тіршілік те жылдам дамып, уақыт зымырап бара жатыр. Дамыған елдердегі техниканының әсерінен болған ғаламат жетістіктер біздің жастарымызды да еліктіруі - ол да бір жақсылық. Қуатты елдер сол дамудың игілігін көріп, әлеуметтік жағдайы еселеп артуда. Жасыратыны жоқ, соны көрген біздің оқыған жастарымыз шет елдерге кетуді ойлайды...

Кеше ғана жаңа үлгідегі мемлекетіміздің негізін қалаған Алаш қайраткерлері мен кеңестің 74 жылдық қаһарлы кезеңінде тұтқалы қызметтерді атқарған ірі тұлғаларымыз да материалдық игіліктерді емес, рухани мұраны пір тұтқан. Артында жақсы сөзі мен өнегелі ісі қалды. Қазір байқасам, еліміздің болашақ мұратына қызмет етуді мақсат қоятын жастарымыз некен-саяқ. Ертең елге, жерге кім ие болмақ?! Біздің жеріміздің болашақ иесі осы жастарымыз.

Ұлттық тарих мәселесіне мемлекет пен халық болып мән беруіміз керек. Өзім де ұстаз ретінде тәлім-тәрбие бере жүріп, Президентіміз айтқандай Тәуелсіздікпен бірге өскен жастарымыздың осы тарихи жеріміздің шынайы, лайықты иесі болуын қалаймын.

Бақдәулет Берлібаев т.ғ.д.,

ӘП кафедрасының профессоры

МЫҚТЫ БІР ҰЛТ БОЛУ ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Тәуелсіздік - ең қымбат нәрсе» атты мақаласында Қазақстанның үш онжылдықтағы жетістіктерін тізіп берді. Биыл Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы. Бұл ата-бабаларымыз аңсаған қазақ мемлекеттігін, бостандықты қалпына келтірудің маңызды датасы. Мемлекет басшысының айтуынша, тәуелсіздіктің 30 жылын рөліне қарай үш онжылдыққа бөлуге болады.

«Мен тәуелсіздіктің алғашқы онжылдығын жаңа Қазақстанның іргетасын қалау кезеңі деп айтар едім. Ол кезде Елбасының басшылығымен мемлекетіміздің рәміздері құрылып, билік жүйесі қалыптасты. Біздің ел беделді халықаралық ұйымдардың мүшесі болды», - деп жазды мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев екінші онжылдықты қазақ халқының қажеттіліктерінің кеңею кезеңі деп атады. «Осы жылдар ішінде мемлекетіміздің ұстанымдары нығая түсті, экономикалық әлеуетіміз артты. Біз барлық құрлықтағы шекараларымызды анықтадық және заңды түрде бекіттік. Біз «Мәдени Мұра» бағдарламасын жүзеге асырдық және тарихымызды түгендедік. Біз әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездерін, Қауіпсіздік Ұйымының саммиттерін бастадық. және Еуропадағы ынтымақтастық, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес және басқа да бірқатар маңызды халықаралық жобалар. Президенттің айтуынша, үшінші онжылдықта Қазақстан өсіп, мақтан тұтатын мемлекетке айналды. Ақыры біз шекара мәселесін шештік. Біз «Қазақстан - 2050» стратегиясын қабылдадық және біз дамыған отыз елдің қатарына кіруді жоспарлап отырмыз. Алдағы төртінші онжылдықтың міндеті - қуатты ел және жетілген ұлт болу. Бұл жолда саяси және экономикалық реформалар мен сананы жаңғырту үдерістерін жалғастыру, заман талабына сай бейімделген ұлттың жаңа бірегейлігін қалыптастыру қажет», - деп атап өтті Мемлекет басшысы. Экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, биологиялық және басқа қауіп-қатерлерден басқа «теріс идеологиялық вирустар» бүкіл әлемге таралуда. Біздің ойымызша, тарихи-мәдени сананы жаңғырту арқылы бұл вирусқа қарсы тұру қажет. Күшті және жауапты адамдардың біртұтас Ұлты болу үшін қоғамдық сананы өзгерту керек. Ертеңгі күннің ерекшелігі - бұл ұлттың жетістігі болып материалды ресурстардың қол жетімділігі емес, адамның бәсекеге қабілеттілігі табылады.

Демек, кез-келген қазақстандық, жалпы ұлт сияқты, ХХІ ғасырға лайықты қасиеттер жиынтығына ие болуы керек. Бұл үшін сөзсіз алғышарттардың қатарында компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар бар. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы, үштілділік және мәдени-конфессиялық келісім бағдарламасы - бұл (барлық қазақстандықтарды) ХХІ ғасырдағы өмірге дайындаудың бөлігі. Бұл біздің бәсекеге қабілеттілігіміздің бір бөлігі. Білім культі жалпыға бірдей болуы керек. Технологиялық төңкеріс алдағы онжылдықтарда қолданыстағы мамандықтардың жартысы жоғалып кетуіне алып келеді. Экономиканың кәсіби келбетінің мұндай өзгеру қарқынын ешбір дәуір білмеген. Біз бұл дәуірге аяқ бастық. Мұндай жағдайда жоғары білімді адам ғана сәтті өмір сүре алады, ол өзінің білімінің жоғары деңгейіне байланысты кәсібін салыстырмалы түрде оңай өзгерте алады. Сондықтан, Қазақстан бүгінде білім беруге бюджеттік шығыстардың үлесі жағынан әлемдегі ең озық елдердің қатарына кіреді. Әрбір Қазақстан азаматы білім болашақ табыстың ең негізгі факторы екенін түсінуі керек. Жастардың басымдықтары жүйесінде білім бірінші орында тұруы керек. Егер білім құндылықтар жүйесіндегі басты құндылыққа айналса, онда ұлт табысты болады. Сананың ашықтығына қол жеткізу өте маңызды, бұл сананың үш ерекшелігін білдіреді. Біріншіден, үлкен әлемде не болып жатқанын, сіздің еліңізде не болып жатқанын, планетаның сіздің бөлігіңізде не болып жатқанын түсіну. Екіншіден, сананың ашықтығы - бұл жаңа технологиялық тәртіптің әсерінен болатын өзгерістерге дайындық. Үшіншіден, басқа біреудің тәжірибесін қабылдау, өзгелерден үйрену қабілеті. Ең жақсы жетістіктерге деген ашықтық пен қабылдау, және бәріне қасақана «өзімдікі ғана емес» деп тойтарыс беру - бұл сәттіліктің кілті және ашық сананың көрсеткіштерінің бірі.

Саясаттану ғылымдарының докторы

Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ, Әлеуметтік пәндер кафедрасының профессоры Мұхамбедярова А.Т.