Телекоммуникация және ғарыштық инженерия институты Люблин технологиялық университеті (Польша) Электроника және ақпараттық технологиялар институтының профессоры, т.ғ.д. Вальдемар Вуйциктың семинарын өткізеді

Телекоммуникация және ғарыштық инженерия институты Люблин технологиялық университеті (Польша) Электроника және ақпараттық технологиялар институтының профессоры, т.ғ.д. Вальдемар Вуйциктың  семинарын өткізеді


22.01.2021 Барлық жаңалықтар


Академиялық және ғылыми ынтымақтастық туралы шарт шеңберінде Телекоммуникация және ғарыштық инженерия институты Люблин технологиялық университеті (Польша) Электроника және ақпараттық технологиялар институтының профессоры, т.ғ.д. Вальдемар Вуйциктың  «Телекоммуникация» және «Инженерия және инженерлік іс» бағыттары бойынша семинарын өткізеді.

Семинар 2021 жылдың 25 қаңтарында сағат 10.00-де өтеді.

Вальдемар Вуйциктың ғылыми бағыттары технологиялық процестерді басқаруды автоматтандырумен, оптоталшықты технологияларды қолдану саласындағы зерттеулермен, оптоэлектрондық мониторинг, физикалық шамалардың оптоталшықты бергіштерімен, халық шаруашылығы мен өнеркәсіптің жекелеген салаларында информатиканы қолданумен, медицинадағы ақпараттық технологиялармен байланысты. Вальдемар Вуйцик Халықаралық ғылыми комитеттердің мүшесі болып табылады: электрлік және электрондық технологиялар және оларды өнеркәсіптік қолдану, радиотехника, телекоммуникация және информатика, физика және жұқа қабықшалар мен наножүйелер технологиясы, кванттық электроника мәселелері.

Қатысу сілтемесі:  https://meet.google.com/vqm-yygt-jwg

 

 

ENERGO UNIVERSITY