Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры 27 000 теңгеден 17 ай сайынғы студенттік стипендияларды ұсынуға конкурс жариялайды

Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры 27 000 теңгеден 17 ай сайынғы студенттік стипендияларды ұсынуға конкурс жариялайды


29.01.2021 Барлық жаңалықтар


Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры 27 000 теңгеден 17 ай сайынғы студенттік стипендияларды ұсынуға конкурс жариялайды

Бағдарламаға қатысушылар: қазақстандық университеттерде бакалавриаттың 2-3 курстарында немесе магистратураның 1-курсында және интернатураның 1-курсында жаратылыстану, техникалық, медициналық және IT мамандықтары бойынша оқитын студенттер, 18 жастан асқан Қазақстан азаматтары.

Гранттар саны: 17

Ш. Есенов атындағы стипендия конкурсына қатысу үшін үміткер келесілерді орындауы керек:

1. Қор сайтында yessenovfoundation.org онлайн-өтінімді толтыру;

2. Өтінімге келесі міндетті құжаттарды қоса беру:

1. Жеке куәліктің көшірмесі (сканерленген);

2. «Мен Қазақстан ғылымы үшін не істедім және не істеймін? Сіз үшін не маңызды және неге?» тақырыбындағы өтініш (өтініш тек жазбаша түрде берілуі мүмкін);

3. Студенттің транскрипті (GPA орташа балы 3,0-ден төмен емес), 3,0-ден төмен балы бар өтінімдер қарастырылмайды;

4. Магистратура студенттері (бакалавр, маман) үшін жоғары білімі туралы дипломның көшірмесі. Қосымша құжаттар:

5. Ғылыми сертификаттар / дипломдар – 2 сертификаттан артық емес*;

6. Әлеуметтік белсенділік және еріктілік сертификаттары – 3 сертификаттан артық емес*;

7. Жарияланым – 2 жарияланымнан артық емес*;

* Қор сертификаттардың шектеулі санын қарайды.

Үміткер өзінің жетістіктерін жақсы көрсететін сертификаттарды өз бетінше таңдауы керек.

Өтінімдер Қордың сайтында 2021 жылғы 25 қаңтардан 26 ақпанға дейін қабылданады.

Өтінімдерді қабылдау 2021 жылғы 26 ақпанда Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша 15:00-де аяқталады (GMT+6).

Қабылдау мерзімінен кейін түскен өтінімдер қаралмайды.

Академик Ш. Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорының стипендиялық конкурсы туралы ереже

ENERGO UNIVERSITY