Жақын арада Қазақстанның киберспорттық студенттер лигасының екінші маусымы басталады!

Жақын арада Қазақстанның киберспорттық студенттер лигасының екінші маусымы басталады!


01.02.2021 Барлық жаңалықтар


Жақын арада Қазақстанның киберспорттық студенттер лигасының екінші маусымы басталады! Толығырақ білуге дайынсыз ба?

KESL -ге қатысушы ЖОО саны 11-ге дейін өсті! KESL қатысушылары болып табылатын ЖОО-ларға жаңа маусымда 1 000 000 теңге көлеміндегі жалпы жүлде қоры үшін күреске тағы 4 университеттің студенттері қосылады! Толық тізім келесідей:

ХАТУ

KBTU

UIB

Astana IT University

АЭжБУ

ҚазМУ

Satbayev University

Абылай Хан атындағы ҚазХҚжӘТУ

Toraighyrov University

Сафи Өтебаев атындағы АУНИГ

Назарбаев Университет

KESL-ге тіркелу 1-12 ақпан аралығында жүзеге асады. Лига төрт пән бойынша өтеді: StarCraft 2, FIFA 2021, Dota 2, PUBG Mobile. Сондықтан командалар жинап, жаттығуды бүгіннен бастаңыз! Ұрыс оттай ыстық болады!

StarCraft 2:

Мерзімі: 15 - 16 ақпан

Жүлде қоры: 120 000 теңге

FIFA 21:

Мерзімі: 16 - 17 ақпан

Жүлде қоры: 120 000 теңге

Dota 2:

Өтетін күні: 15 - 17 ақпан ЖОО ішінде, 20-21 ақпан KESL финалы

Жүлде қоры: 350 000 теңге

1-орын алған Команда ECOLLEGE ESPORTS халықаралық лигасына слот алады! Бұл Еуропалық университеттер арасында 2021 жылдың сәуірінде Dota 2 пәнінен өтетін жоба.

PUBG Mobile:

Мерзімі: 24 ақпан - 10 наурыз

Жүлде қоры: 410 000 теңге

GLHF!

Барлық сұрақтар бойынша Ақпараттық технологиялар институтының дирекциясына хабарласыңыздар: isuit@aues.kz

ENERGO UNIVERSITY