02.02.2021 Барлық жаңалықтар
2021 жылдан бастап ЖОО-лар жеке үлгідегі дипломдар беретін болады. Оның артықшылығы неде және қолдан жасалғаннан қалай қорғануға болады?
Жеке үлгідегі дипломдар жұмыс берушілерге маман даярлау сапасын бағалауға мүмкіндік береді.
Дипломдарда ЖОО, білім беру бағдарламасының атауы, бітірушінің деректері, оқыту нысаны көрсетілуі тиіс, сонымен қатар берілген дипломға дербес жауапты болатын ректордың қолы болуы керек.
Әр дипломда БҒМ жасаған бірегей сәйкестендіру нөмірі болады.
Әр дипломда қорғаныш белгілері болуы керек. Бұл "Білім туралы" заңның тікелей талабы.
ЖОО-ның осы ЖОО-да оқымаған адамға диплом беруі лицензиядан айыру және аккредиттеуді кері қайтарып алу үшін негіз болады.
Өз үлгісіндегі дипломдарды қолдан жасау ресми құжаттарды қолдан жасау болып саналады. Мұндай әрекет үшін Қылмыстық кодекстің 385-бабы бойынша жауапкершілік көзделген.