АЭжБУ белсенділері Ахмет Байтұрсынұлының мұражай үйіне барды

АЭжБУ белсенділері Ахмет Байтұрсынұлының мұражай үйіне барды


12.02.2020 Барлық жаңалықтар


2020 жылдың қаңтар айының 28 күні Университет әкімшілігінің қолдауы және белсенділеріміздің ұйымдастыруымен қазақтың ұлы жазушысы Ахмет Байтұрсынұлының мұражай үйінде жыл сайынғы дәстүрлі іс-шаралардың бірі өтті, бұл іс-шара студенттеріміздің рухани дамуына өз ықпалын қосты.

Бұл оқиғаның басты мақсаты – тарихи ғұламамызды еске алу арқылы білім алушыларға жазушының өзі тұрған үй-мұражайымен таныстыру, олардың ой-өрісін дамыту, сана сезімін ояту, сондай-ақ мұражай құндылығын ұқтыру.

Бұл бір есте қаларлық әсерлі шара болды. Себебі, ол жерде әсем ән де, құлақ құрышын қандыратын күй де, ақынымыздың әдеби шығармаларынан мәнерлеп оқу да болды. Шараның құрметті қонақтарының қатарында Ахмет атамыздың жиені, ақынның шығармашылығының насихаттауға қатысты өтетін республикалық, облыстық, қалалық, аудандық жиындардың құрметті қонағы – Байсалова Айман Қабиденқызы, оған қоса сол мұражайда нәзік жандыларға арнап тамаша ән салып, салиқалы ой-пікірлерімен бөліскен ақынның жерлесі – Қайдар Байдебекұлы да болды.  Оған қоса, университетіміздің тарих кафедрасының меңгерушісі – Кабдушев Болат Жоламанович және Тәрбие жұмыстары бөлімінің бастығы – Али Ниязұлы да шарының қадірлі қонақтары болды.

Бастысы, Ахмет Байтұрсынұлын еске алу мақсатында өткізілген іс-шара, Студенттеріміздің бойына патриоттық рух қалыптастырып, ата-бабаларымыздың еңбегін қадірлеуге шақырып, қоғамдық сананы жаңғырттық деген сенімдеміз.

ENERGO UNIVERSITY