Алматыда карантиндік шектеулер тағы өзгертілді: Сауда орталықтары мен қоғамдық көліктер қалай жұмыс істейді

Алматыда карантиндік шектеулер тағы өзгертілді: Сауда орталықтары мен қоғамдық көліктер қалай жұмыс істейді


17.03.2021 Барлық жаңалықтар


Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Құжатта жұмыс күндері қоғамдық көліктер әдеттегідей жүретін болады делінген. Демалыс және мереке күндері келесі шектеулер қойылады:
- таңертең жұмыс уақыты - 6.00-ден 10.00-ге дейін;

- кешке - 17.00-ден 22.00-ге дейін.

СОСО, сауда үйлері

- сенбі, жексенбі кундері жұмысына тыйым салынады;  мереке күндері жұмыс режимін шектеу - 10.00-ден 17.00-ге дейін; жұмыс күндері-10.00-ден 21.00-ге дейін.

Супермаркеттер, гипермаркеттер, азық-түлік өнімдерін сататын сауда желілері

- Жұмысты уақыт бойынша шектеу 06.00-ден 02.00-ге дейін.

Азық-түлік дүкендері, шағын базарлар

- 06.00-ден 24.00-ге дейін жұмысты шектеу.

Бөлшек сауда желілері және азық-түлік емес дүкендер (бөлек)

- 09.00-ден 21.00-ге дейін жұмысты шектеу.

Жабық базарлар (азық-түлік және азық-түлік емес)

- сенбі және жексенбі күндері - жұмысына тыйым салу;

- жұмыс күндері - сағат 06.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс уақытын шектеу;
- мереке күндері - 10.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс уақытын шектеу.

Ашық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес)

- сенбі және жексенбі күндері - жұмысқа тыйым салу;
- жұмыс күндері - сағат 06.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс уақытын шектеу;
- мереке күндері - 10.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс уақытын шектеу.

Қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда), оның ішінде СОСО-да, жеке кіретін есігі бар СҮ орналасқан

- жұмыс уақыты 7.00-ден 21.00-ге дейін, толтырылуы 50 пайызға дейін, бірақ 30 орыннан аспайды, жазғы алаңдарда - 50 орыннан аспайды.
- Алып кету және жеткізу - уақыт шектеусіз.

СОCО-да және СҮ-де орналасқан қоғамдық тамақтану объектілері мен фуд-корттар

- тек СОCО және CҮ шегінен тыс жеткізу және алып кету уақыт бойынша шектеусіз.

ХҚКО, "Қазпошта" АҚ бөлімшелері

- уақыт бойынша шектеумен 9.00-ден 18.00-ге дейін, алдын ала жазылу бойынша.

"Шымбұлақ" ТК

- келушілер санын 50 пайызға азайту (1000 адамға дейін).

Төмендегілерге толық тыйым салынады:

Қаулының толық мәтінімен мына жерде танысуға болады.

Материал https://stan.kz/bekshin-almatidagi-karantinge-katisti-zhana-kauliga-kol-344506/ сайтынан алынған

ENERGO UNIVERSITY