ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕГІ 100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚТАРДЫҢ РӨЛІ МЕН МАҢЫЗЫ

ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕГІ 100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚТАРДЫҢ РӨЛІ МЕН МАҢЫЗЫ


17.03.2021 Барлық жаңалықтар


 «ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕГІ 100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚТАРДЫҢ РӨЛІ МЕН МАҢЫЗЫ»

Ғұмарбек Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде 2021 жылдың 16 наурыз күні «әлеуметтік пәндер» кафедрасы оқытушыларының және студенттік топтардың қатыстырылуымен, еліміздің көрнекті ғалымдарымен бірлескен дөңгелек үстел ұйымдастырылды

Дөңгелек үстелдің кіріспе сөзі университетіміздің тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Серік Қапанұлы Махмутов мырзаға берілді. Ал кездесудің модераторлық қызметін әлеуметтік пәндер кафедрасының аға оқытушысы Елзат Еркінұлы Жарқынбаев атқарды.

Дөңгелек үстелдің отырысын философия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі Сәбит Мұрат Сәбитұлы «Жаңа оқулықтардың тілдік мәселесі» атты баяндамасымен бастап, тіл философиясын, әсіресе қазақ тілін дамыту, аудармашылар мектебін құру, терминологиялық сөздік жасау және аударма қызметін тұрақты негізде жүзеге асыру мәселелерін көтерді.

Өз кезегінде Философия ғылымдарының докторы, профессор Бегалинова Калимаш Капсаматқызы баяндамасын философия тарихын оқыту үдерісіне, тіл архитектоникасын қалыптастыру мәселесіне арнады.

Келесіде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультеті, философия кафедрасының меңгерушісі Құранбек Әсет Абайұлы «Гуманитарлық ғылымдар саласын жаңғыртудағы 100 жаңа оқулықтың рөлі» тақырыбында баяндама жасап, есеп беру шеңберінде Қазақстандағы аударма мектебінің жағдайы мен  болашақтағы даму бағытына баға берді. Спикер терминологияны сәтті аудару үшін кадр жетіспеушілігінің проблемаларына тоқталып, келешекте бірлесіп жұмыс жасау туралы ұсыныс жасады.

Философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институты, философия бөлімінің басшысы Сағиқызы Аяжан «Гуманитарлық білім және заман талабы» атты баяндамасын дайындаған.  «Рухани танымды байтатын оқулықтар» атты баяндамамен АЭжБУ профессоры, философия ғылымдарының кандидаты Қуаныш Шәкіртұлы Мұхаметжан мырза сөз алды.

Кездесу мәжесіне жетер уақытта әлеуметтік пәндер кафедрасының меңгерушісі Болат Жоламанұлы Қабдөшевтің қорытынды сөзінде, біз өзекті философиялық мәселелерді талқылауға қатысушылардың барлығына алғысымызды білдіреміз, ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға ниеттіміз деп алдағы жұмыстарына табыс тіледі!

Елзат ЖАРҚЫНБАЕВ

Әлеуметтік пәндер кафедрасының аға оқытушысы

ENERGO UNIVERSITY