17.03.2021 Барлық жаңалықтар
2021 жылғы 16 наурызда Ғ. Даукеев атындағы АЭжБУ АТ институтының IT-инжиниринг кафедрасының ғылыми практикалық семинарларын ұйымдастыру шеңберінде студенттер мен магистранттар үшін «Веб-студияны нөлден ашу тәжірибесі» тақырыбында семинар ұйымдастырылды
2021 жылғы 16 наурызда Ғ. Даукеев атындағы АЭжБУ Ақпараттық технологиялар институтының IT-инжиниринг кафедрасының ғылыми практикалық семинарларын ұйымдастыру шеңберінде студенттер мен магистранттар үшін «Веб-студияны нөлден ашу тәжірибесі» тақырыбында семинар ұйымдастырылды, оған 43 адам қатысты. Семинардың негізгі аудиториясы студенттер, магистранттар және IT-инжиниринг кафедрасының оқытушылары болды.
Семинар жұмысы Қазақстан Республикасының жалпыұлттық басымдықтарын іске асыру төңірегінде үйлестірілді. Семинарға қатысушылар цифрлық мемлекетті дамытудың негізгі трендтерін талқылап, әріптестерімен өздерінің кәсіби қызметінде цифрлық сервистер мен құралдарды пайдалану тәжірибесімен бөлісті.
Web-технологиялар саласындағы маман, «Web кластері» бас директоры В.В. Науменко күрделі Web-әзірлемелерді жасау кезінде пайдаланылатын алдыңғы қатарлы инновациялар мен технологиялар туралы мәлімет берді. Шағын және ірі компаниялар үшін цифрлық сервистерді пайдалану перспективалары мен дамыту трендтері туралы мәселелер қаралды. Ұсынылған заманауи цифрлық сервистерге шолуды элективті пәндер ретінде білім алушылардың оқу процесіне енгізу жоспарлануда.
Семинар пікірталаспен аяқталды, оның барысында барлық қатысушылар ұйымдастырушылар мен спикерлерге цифрлық сервистерді пайдалану ерекшеліктері туралы сұрақтар қойып, оларды пайдалану тиімділігі туралы пікір алмасты, қолданбалы мәселелерді талқылады.
Семинарға қатысушылардың барлығы дерлік қазіргі уақытта АТ мамандары үшін жаңа технологияларды пайдалануға, заманауи цифрлық экономиканың сын-қатерлеріне дайын болуға, ал педагог қызметкерлерге білім беру бағдарламаларының сапасын арттыруға және кәсіби салада өзін-өзі жүзеге асыруға мүмкіндік береді деген қорытындыға келді.