Бүгін онлайн режимде өткен «ЖОО-ның үздік оқытушысы-2020» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті

Бүгін онлайн режимде өткен «ЖОО-ның үздік оқытушысы-2020» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті


17.03.2021 Барлық жаңалықтар


Бүгін онлайн режимде өткен «ЖОО-ның үздік оқытушысы-2020» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетов құрметті атақ иегерлерін лайықты марапатымен және кәсіби жетістіктерімен құттықтады. Асхат Қанатұлы өз сөзінде білім беру сапасын арттыру бойынша тұрақты жұмыс істеу қажеттігін атап өтіп, ЖОО оқытушыларын еліміздің өркендеуі үшін жемісті еңбек етуге шақырды.

Байқау жеңімпаздарының арасында Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің оқытушылары – ф.-м.ғ. к., доцент Әлия Уәлиқызы Қалижанова; доцент, PhD Айнұр Серікбайқызы Бегімбетова бар.

ENERGO UNIVERSITY