19.03.2021 Барлық жаңалықтар
2021 жылғы 18 наурызда Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ Диссертациялық кеңесінде 6D071700 – «Жылу энергетикасы» мамандығы бойынша Ғазиза Серікқызы Катранова мен Максим Сергеевич Коробковтың докторлық диссертациялары қорғалды
2021 жылғы 18 наурызда сағат 14:00-де АЭжБУ Ғылыми кеңесінің мәжіліс залында 6D071700-Жылу энергетикасы мамандығы бойынша Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Ғазиза Серікқызы Катранова «ГТҚ жану камераларының жоғары тиімді фронттық құрылғыларын әзірлеу және зерттеу» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады.
Ғылыми кеңесшілер:
1. Абай Мухамедиярович Достияров – техника ғылымдарының докторы, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің Жылу энергетикалық қондырғылар кафедрасының профессоры (Қазақстан, Алматы қ .);
2. Андрей Анатольевич Кибарин – техника ғылымдарының кандидаты, профессор, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің Жылу энергетикалық қондырғылары кафедрасының меңгерушісі (Қазақстан, Алматы қ .);
3. Владимир Александрович Мунц – техника ғылымдарының докторы, профессор, Орал энергетикалық институтының Жылу энергетикасы және жылу техникасы кафедрасының меңгерушісі (Ресей, Екатеринбург қ.).
Сол күні, сағат 16.00- де Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ Ғылыми кеңесінің мәжіліс залында 6D071700-Жылу энергетикасы мамандығы бойынша Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Максим Сергеевич Коробков «Коаксиалды экрандары бар тиімділігі жоғары су жылыту қазандықтарын әзірлеу» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады.
Ғылыми кеңесшілер:
Рахимжан Кабиевич Орумбаев – техника ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА профессоры, «Жылу энергетикалық қондырғылар» кафедрасының профессоры, «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ, Қазақстан, Алматы қ.
Владимир Александрович Мунц – техника ғылымдарының докторы, профессор, Орал энергетикалық институтының «Жылу энергетикасы және жылу техникасы» кафедрасының меңгерушісі, «Ресейдің Тұңғыш Президенті Б.Н.Ельцин атындағы УрФУ» ВО ФГАОУ, Ресей.
Диссертациялар Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің «Жылу энергетикалық қондырғылар» кафедрасында орындалды.