АЭжБУ студенттер командасы «Жастар бизнес-жобасы» республикалық байқауында екінші орынға ие болды»

АЭжБУ студенттер командасы «Жастар бизнес-жобасы» республикалық байқауында екінші орынға ие болды»


12.02.2020 Барлық жаңалықтар


Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ студенттер командасы «Менеджмент және кәсіпкерлік» кафедрасының оқытушылары – доцент Б. И. Тузелбаевтың және аға оқытушы М. Е. Сатымованың жетекшілігімен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының және Маркетинг Қауымдастығының қолдауымен Қазақстандық кәсіпкерлік идеялар фестивалі аясында Тұран университетінде өткізілген «Жастар бизнес-жобасы» республикалық байқауында екінші орынға ие болды.

Команда құрамында «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының студенті –Айдана Буранбаева, «Аспап жасау» мамандығының студенттері –Азамат Мусабаев, Алишер Динтаев, Данияр Нұрбергенов, «Ғарыштық техника және технологиялар» мамандығының студенттері –Саят Ахмеджанов, Ансар Хусаинов болды.

Команда екінші дәрежелі дипломмен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Байқауға Алматы қаласының 9 жоғары оқу орнынан 15 команда қатысты. Байқаудың міндеттері: болашақ бизнес-жобаларды іске асыруға одан әрі жәрдемдесу үшін іріктеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасында стартап-қозғалысты қолдау және дамыту.

ENERGO UNIVERSITY