29.03.2021 Барлық жаңалықтар
Құрметті Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ оқытушылары мен қызметкерлері!
Алматы қаласы ДСБ «Қалалық студенттік емхана» ШЖҚ МКК әкімшілігі эпидемиологиялық қолайсыз кезеңде коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация жүргізеді.
КВИ жұқтыру қаупі жоғары адамдар вакцинациялауға жатады.
27.01.2021 ж. № 01-1-2314 «Қазақстан Республикасында халыққа коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация жүргізу» әдістемелік ұсынымдарына сәйкес бұл тізімге педагогтар кіреді.
Ресейлік «Спутник-V» вакцинасымен CОVID-19-дан вакцинацияланғысы келетін Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ-дың барлық оқытушылары мен қызметкерлері Мансұр Қаракесовке (электрондық пошта мекенжайы m.karakesov@aues.kz) келесі деректерді ұсынсын: Аты-жөні, ЖСН, үй мекенжайы, нақты тұру мекенжайы, ұялы телефоны),кесте қоса тіркелген.
Вакцинация 2021 жылдың 1 сәуірінде басталады.
Вакцинацияға өтінімдер 2021 жылдың 29 наурызынан 2021 жылдың 31 наурызына дейін қабылданады.
Препаратты салуға болмайтын жағдайлар:
- құрамында осыған ұқсас компоненттері бар вакцинаның қандай да бір компонентіне аса жоғары сезімталдық,
- күшті аллергия,
- бастапқы иммун тапшылығы,
- созылмалы аурулардың өршуі кезінде,
- анамнездегі ауыр аллергиялық реакциялар,
- жүктілік және емшек емізу кезеңі,
- созылмалы аурулардың өршуі (вакцинация сауыққаннан немесе ремиссиядан кейін 2-4 аптадан соң жүргізіледі),
- қан қатерлі ісігі және онкология.
Сіз қандай емханаға бекітілгеніңізге қарамастан, студенттік емханада COVID-19 вакцинациясын ала аласыз.