19.04.2021 Барлық жаңалықтар
15 сәуір – Экологиялық білім күні. ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Twitter-дегі парақшасында осы күннің маңыздылығы туралы хабарлама жазды.
«Бүгін көптеген елдерде Экологиялық білім күні атап өтілуде. Бұл маңызды күн. Экологияға, қоршаған ортаға деген көзқарас осы күннің мәнін білу мен түсіну деңгейіне байланысты. Қоршаған ортаны қорғау және планетаны орнықты дамыту стратегиясын іске асыру саласындағы білімді жетілдіру қажет.
Ағарту жұмыстарын жүргізу азаматтардың, өскелең ұрпақтың жауапкершілігін арттырады, экологияның өзекті мәселелеріне назар аударады», - деп атап өтті министр.
Мекеме басшысы елдегі экологиялық жағдайды жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы халықты ақпараттандыруға баса назар аударды.
«Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес АҚ жастар арасында экологиялық ойлауды насихаттау бойынша үлкен жұмыс жүргізуде. Осындай іс-шаралардың бірі «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» пәні олимпиадасының бірінші кезеңін онлайн форматта өткізу болды, оның жеңімпаздары алтын алған Дильназ Елеубаева (БЖД-19-2), күміс алғандар Яна Вентлянд (БЖД-19-2) және Дарья Барсукова (БЖД-18-2), қола алғандар Дана Салвакасова (БЖД-19-2) және Ассанали Султангазиев (БЖД-19-1) болды.
«Инженерлік экология және еңбек қауіпсіздігі» кафедрасының студенттері біз бен болашақ арасындағы экологиялық білімнің таратушы буыны болып табылады
В.И. Вернадский