23.04.2021 Барлық жаңалықтар
2021– Талапкерлері, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде (бұдан әрі – АЭжБУ) Анхальт қолданбалы ғылымдар университетімен (Германия) бірлесіп, «Индустрия 4.0-жүйелік инжиниринг» атты жаңа халықаралық білім беру бағдарламасы іске қосылуда, бұл туралы АЭжБУ Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық департаментінің директоры Мадина Бірлесқызы Алиярова айтты.
Жаңа білім беру бағдарламасының тұсаукесері АЭжБУ Академиялық қызмет жөніндегі проректоры Сергей Владимирович Коньшиннің төрағалығымен Ғылыми-әдістемелік кеңестің отырысы аясында өтті.
Сондай-ақ, отырыста екі жаңа білім беру бағдарламасы мақұлданды:
Гидроэнергетика – Электр энергетика және электр техника институтының «Электрмен жабдықтау және жаңартылатын энергия көздері» кафедрасы;
Бағдарламалық инженерия – Ақпараттық технологиялар институтының «IT-инжиниринг» кафедрасы.
Күн тәртібінде АЭжБУ білім беру бағдарламаларының кітаппен қамтамасыз етілуі мәселелері талқыланды. Университет үшін материалдық базаны дамытудың басым бағыты оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттермен үнемі толықтыру болып табылады. Бүгінде кітапхана қоры 609 697 кітапты құрайды, оның ішінде қазақ тілінде 226 219 дана. АЭжБУ жанында жыл сайын өзінің ғылыми-әдістемелік құралдары шығарылатынын атап өту маңызды.
АЭжБУ Қазақстандағы үздік техникалық ЖОО, мұны заманауи, жабдықталған зертханалар растайды. Университет басшылығы студенттерді оқыту үшін техникалық базаны дамытуға ерекше көңіл бөледі. Ғылыми-әдістемелік кеңес отырысында университет зертханаларын жаңғырту аясында жаңа жабдықтар сатып алу туралы шешім қабылданды.