Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры Сауле Саветовна Сагинтаева мен Қазан мемлекеттік энергетика университетінің ректоры Эдвард Юнусович Абдуллазянов Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры Сауле Саветовна Сагинтаева  мен Қазан мемлекеттік энергетика университетінің ректоры Эдвард Юнусович Абдуллазянов Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды


22.04.2021 Барлық жаңалықтар


21-23 сәуір күндері Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің (бұдан әрі – АЭжБУ) делегациясы Қазан мемлекеттік энергетика университетінде (бұдан әрі – ҚМЭУ) сапарда. Делегация құрамында АЭжБУ ректоры  Сауле Саветовна Сагинтаева, Ғылым және коммерцияландыру департаментінің директоры Дамир Жанатбекович Джексенбинов, «Электр энергетикалық жүйелер» кафедрасының меңгерушісі Ертуған Кожагулович Умбеткулов, Ғылыми кеңестің ғылыми хатшысы Айнұр Серікбайқызы Бегімбетова болды.

Сапардың бірінші күні АЭжБУ ректоры Сауле Саветовна Сагинтаева  ҚМЭУ ректоры Эдвард Юнусович Абдуллазяновпен және ҚМЭУ Ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры Ирина Гареевна Ахметовамен кездесті. Кездесуге қатысушылар екі университеттің ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Сапар ғылым және білім саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылау бойынша дөңгелек үстел форматында жалғасты. Талқылауға ҚМЭУ тарапынан бірінші проректор – Оқу ісі жөніндегі проректор Александр Васильевич Леонтьев, сондай-ақ институт директорлары, оқу және ғылыми басқармалардың басшылары қатысты.

Бірінші күн барысында АЭжБУ делегациясына университеттің оқу-зертханалық базасы мен ғылыми орталықтары көрсетілді. 

2021 жылдың 22 сәуірі күні Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры Сауле Саветовна Сагинтаева  мен Қазан мемлекеттік энергетика университетінің ректоры Эдвард Юнусович Абдуллазянов Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

АЭжБУ және ҚМЭУ 2020 жылдың соңында құрылған Қазақстан мен Ресейдің техникалық білім беру консорциумына кіреді.

ENERGO UNIVERSITY