22.04.2021 Барлық жаңалықтар
Әкім аға буынды COVID-19-ға қарсы вакциналануға шақырды
Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» арнасындағы Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирінде қалалықтарды, әсіресе, аға буынды COVID-19-ға қарсы вакциналануға шақырды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Б. Сағынтаев ауру деңгейі бойынша Алматының «қызыл» аймақта екенін еске салды. 20 сәуірде тәулік ішінде коронавирус инфекциясының 667 жағдайы тіркелді, оның 574-і симптомды және 93-і симптомсыз. Бүгінде қуаттылығы 6060 төсек-орынды құрайтын инфекциялық стационарларда 3754 науқас, оның ішінде 96 бала бар. Оның үстіне, 920 адамның жағдайы ауыр, 2834 - орташа ауырлықта. Реанимация мен қарқынды терапия бөлімдерінде 241 адам емделуде, ӨЖЖ аппаратында - 23,инвазинді емес ӨЖЖ аппаратында - 94, High flow аппаратында 85 науқас бар.
6021 науқас амбулаториялық ем алуда, оның ішінде жағдайлары жеңіл және орташа ауыр әрі симптомды науқастар - 5301, симптомсыздары - 720.
Соңғы 7 күн ішінде ауру деңгейі 240,8-ден 243,9-ға дейін өсті, репродуктивті R саны 1,023-тен 1,031-ге дейін ұлғайды.
Сәуір айында аурудың болжамды өсуі жалғасуда, КВИ эпидемиясының даму динамикасы 3 аптаның пессимистік болжамына сәйкес келеді. 1 сәуірден 20 сәуір аралығында 13 002 КВИ жағдайы тіркелді.
1 жасқа дейінгі балалар арасында ауруды өршуі жалғасуда 0,5% - 1,3-тен 1,8% -ға дейін; 14 жасқа дейінгі балаларда - 1% - 9,1-ден 10,1% -ға дейін; жасөспірімдер арасында - 0,3% - 3,0-ден 3,3% -ға дейін және 60 жастан асқан азаматтар арасында 0,6% - 23,7%-дан 24,3%-ға дейін.
Қала әкімі Б. Сағынтаев денсаулық сақтау жүйесін модернизациялау мен нығайту бойынша қабылданған шаралардың арқасында медициналық мекемелердің үлкен жүктемелерге ойдағыдай төтеп бергендерін атап өтті. Алайда, мамандардың мәліметі бойынша пандемияның шарықтау шегі әлі өткен жоқ. Сондықтан қала тұрғындары үлкен сақтық танытып, санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын сақтаулары тиіс. Демек, КВИ-ден сақтанудың бір ғана жол бар, ол – ерікті вакциналану. Осы ретте Алматыда барлық жағдайлар жасалған, вакциналар партиялары қалаға тұрақты жеткізілуде, барлық аудандарда вакциналау пункттері ашылған.
Ақпаннан бастап медицина қызметкерлеріне, тәртіп сақшыларына және мұғалімдерге екпе егу басталған болатын. Алматыда халықты жаппай вакциналау 2 сәуірде басталды. 21 сәуірдегі жағдай бойынша барлығы 149 699 қала тұрғынына екпе салынды, оның ішінде қалада жұмыс істейтін Алматы облысының тұрғындары да бар. 23 сәуірде вакцинаның 35 мың дозасы, 25 сәуірде 100 мың дозадан астам вакцина жеткізіледі деп күтілуде.
Алматылықтарды жаппай иммундау үшін медициналық ұйымдарда – мемлекеттік емханалар мен жеке медициналық орталықтарда, мектептерде, мәдени нысандарда, спортта, базарларда және қаланың сауда-ойын-сауық орталықтарында 250 егу пункттерін іске қосу жоспарлануда.
Бүгінде қалада 203 егу пункттері жұмыс жасауда, олардың 69-ы сауда және ойын-сауық орталығында, базарларда, Қастеев атындағы мұражайда, культті ұйымдарда орналасқан. Құрамында 1827 медицина қызметкері бар 249 егу бригадасы жұмыс істейді.
Бұлардан өзге,мобильді топтар меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындардың ұжымдарын вакциналауға барады. Алматыда 72 ірі өнеркәсіптік және өндірістік кәсіпорындар шоғырланған. Қазірдің өзінде 30-дан астам компанияның қызметкерлері вакциналаудан өтті, оның ішінде Алматы облысының және басқа аймақтардың тұрғындарының саны 1 мыңға жуық.
Сондықтан Б. Сағынтаев кәсіпорындар басшыларын өз ұжымдарын вакциналауды ұйымдастыруға шақырды. Әсіресе, бұл қызмет көрсету және сауда саласындағы компанияларға қатысты.
Алматы әкімі Б. Сағынтаев пандемия кезінде ең осал топқа жататын аға буын өкілдерінің вакциналануына назар аударды. Бүгінде КВИ-ге қарсы вакцинаны 60 жастан асқан 38 мыңнан астам қала тұрғыны алды.
Ақпарат көзі
vecher.kz материалдары бойынша / / Бақытжан Сағынтаев: Тек жаппай вакциналау ғана пандемиямен күресуге көмектеседі / / Авторы: Vecher.kz - 2021-Сәуір 21.