Honeywell мен АЭжБУ бірлескен вебинары – АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҮЙЕЛЕРІН ҚҰРУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ

Honeywell мен АЭжБУ бірлескен вебинары – АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҮЙЕЛЕРІН ҚҰРУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ

22.04.2021 Барлық жаңалықтар


Вебинарды ұйымдастырушы – Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының зерттеуші профессоры Сәрсенбек Жүсіпбеков Автоматтандыру және басқару саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі қандай заманауи технологиялар мен шешімдерді ұсынатыны туралы айтады.

Баяндамалардың негізгі тақырыптары – Smart Energy, өнеркәсіптік киберқауіпсіздік және газ аналитикалық шешімдер. Баяндамашылар –Honeywell корпорациясының қазақстандық және ресейлік өкілдіктерінің өкілдері: Алекс Швидун – «Industrial Cyber Security» департаментінің (Мәскеу) басшысы, Естай Манасбаев «Smart Energy» жобаларының аға менеджері, Санжар Бейсембаев Honeywell GAS (Gas Analysis &Safety) аға сауда өкілі. Вебинарға сондай-ақ Қазақстандағы Honeywell өкілдігінің «Ханиуэлл-АСУ» компаниясының бас директоры Серік Әбдіғалиев қатысады.

 «Ханиуэлл-АСУ» компаниясының АЭжБУ «Автоматтандыру және басқару» кафедрасымен ынтымақтастығы әртүрлі бағыттарда дамып келе жатқанын атап өту қажет – бұл бакалавриаттың, магистратураның және докторантураның оқу жоспарларын келісу, дипломдық жобаларды қорғау жөніндегі мемлекеттік аттестаттау комиссиясының жұмысына қатысу, практиканы ұйымдастыру, бірлескен жобалар үшін шешімдерді іздеу, оқу процесінің сапасын арттыру үшін заманауи өнеркәсіптік автоматика құралдарын және бағдарламалық қамтамасыз етуді жеткізу.

Автоматтандыру саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі – Honeywell корпорациясы және Қазақстанның ең беделді техникалық жоғары оқу орындарының бірі – АЭжБУ ынтымақтастығының жаңа нысаны алдағы «Автоматтандыру жүйелерін құрудың заманауи тәсілдері» вебинары болып табылады. Бұл автоматтандыру, энергетика және киберқауіпсіздік саласындағы мамандарға ғана емес, сондай-ақ Honeywell сияқты беделді және әлемдік табысты корпорацияның құрылымдарында жұмысқа орналасуға мүдделі студенттер мен магистранттарға да қызықты болады.

 «Автоматтандыру жүйелерін құрудың заманауи тәсілдері» вебинары 23 сәуір, жұма күні (Алматы уақыты бойынша сағат 16.00-де басталады) Microsoft Teams платформасында өтеді. Қосылу сілтемесі 

Ұйымдастырушы және модератор: АЭжБУ «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының профессор-зерттеушісі, техника ғылымдарының кандидаты Сәрсенбек Жүсіпбеков  (s.zhussupbekov@aues.kz ).

«Автоматтандыру жүйесін құрудың заманауи тәсілдері» вебинар бағдарламасы – сілтеме.

«Автоматтандыру және басқару» кафедрасы